Тіледім өзіңе тек бақыт...

Тіледім өзіңе тек бақыт...
жеке
блог

Жүрегім сен мені алдама,

Сезімнің торына арбама.

Ғашықтық дертіне бекерден,

Қорқамын шалдығып қалам ба?!

Шалдырып текке сен қинама,

Еркіндік кезімді ұрлама.

Шығатын шыңым бар мен алда...

Сондықтан жаным - ау бекерден,

Жүректі арбама, алдама.

Мен сендік ешқашан болмаспын,

Қолыңа бағың боп қонбаспын.

Түсін сен жігітім, түсінші...

Мен саған доспын тек жолдаспын.

Емші ғой бәріне бір уақыт,

Тіледім өзіңе тек бақыт.

Өмірде сенемін жолығар,

Сүйетін ару қыз боп ғашық.

Мен сені сүймеймін,сүймеймін,

Махаббат отыңа күймеймін.

Жүрекке әмір жоқ жүретін,

Бір саған тек бақыт тілеймін.

IG