Далам менің

Далам менiң 

 

Далам менiң,
Кеңсiң сен, кереметсiң!
Күллi қазақ өзiңдi өлең етсiн!
Ұрпағыңды бабалар демеп өтсiн!
Кейiнгiлер киеңдi елеп өтсiн!

Далам менiң,
Сұлусың, әдемiсiң!
Қызыққанның қол жетпес әлегiсiң!
Тамсанатын жерсiң сен әр ел үшiн!
Тартатын бар өзiңе және күшiң!

Далам менiң,
Ғаламның ғажабысың!
Бар әлемнiң келбетi, ажарысың!
Өзiң жайлы сан ғасыр жазары-шын!
Жаралғансың, Бiз үшiн, Қазақ үшiн!



Бөлісу: