Үздік ондық: «Нөмір»лері мәнгілікке бұйырғандар

Үздік ондық: «Нөмір»лері мәнгілікке бұйырғандар
жеке
блог

Жақында  «Интер» аңызы Хавер Занетти өз карерасын аятау туралы хабар таратқан еді. Осыдан кейін «Нерадзурри»лер «4» санын Занеттидің атына мәнгілікке қалдыру туралы шешім қабылдады және енділікте Милан клубында бұл нөмірде ешқандай футболшы алаңда доп теппейді... Бүгінгі блогымыз арқылы сіздердің назарларыңызға «нөмір»лері мәнгілік өздерінің аттарына қалдырылған футболшылар ондығын ұсынамыз...

 10-саны. Роберто Баджо «Брешиа» 2000-2005 жылдар

Италия футболының ардагері Роберто Баджо соңғы ойындарын «Брешиа» клубы құрамында өткерген. 5 жыл бойы аталған клубтың аңызына айналған Роберто карерасын аяқтаған соң, клуб басшылары «10» санын оның атына мәнгілікке рәсімдеген. Баджо осындай құрметке толық лайық деп айта аламыз.

 36-саны. Жимми Гривз «Манчестер Юнайтед» 1999-2003 жылдар

«Қызылдар» құрамында ғажайып көріністегі  4 маусымын өткізген Жимми Гривз өмірден өткен соң, оған «Манчестер Юнайтед»тің  «36» саны мәнгілікке берілді. Манчестерліктер құрамындағы ешкандай футболшы енді бұл санды ала алмайды.

 25-саны. Жанфранко Зола «Челси» 1996-2003 жылдар

«Челси»дің ғажайып италяндық жартылай қорғаушысы Жанфранко Зола Абрамович эрасы басталмастан бұрын, «Аристократ»дың ең сүйікті футболшысы болған.  Клубта  7 жыл бойы суперойындарын көрсеткен футболшыны Лондондықтарда өзіне жараса құрметтеген және ол ойындарын өткерген «25» саны Жанфранконың атына мәнгілікке рәсімделген...

 11-саны. Ромарио «Васко да Гама» 1985-1987, 2000-2001, 2005-2006, 2007-2008 жылдар

1000 нан астам гол соққан санаулы футболшылардың бірі Ромарио көптеген клубтарда ойын өткерген. Бірақ оның «Васко да Гама»да басқа клубтағыларға қарағанда артығырақ құрметтейді. Ромарио да бұл командаға 4 рет қайтып келген. Клуб алдындағы еңбегі үшін бразил клубы оның құрметіне «11» санын мәнгілікке рәсімдеген.

10-саны. Ференц Пушкаш «Гонвед» 1939-1956 жылдар

ХХ ғаысрдың ең үздік шабуылшыларының бірі Фернц Пушкаш «Гонвед»та фантастик кезеңдерін өткерген. Өкініштісі  Венгрияда 1956 жылы болып өткен оқиғалардан кейін, Пушкаш Испанияға көшіп кетуге мәжбүр болған еді. Сол уақыттары футболшыны сатқынға да шығарған. Бірақ ақиқат бәрібір анықталды. Фернцтің өлімінен соң «Гонвед» басшылары венгр футболы аңызының құрметіне «10» санын басқа ешкімге бермеуге шешім қабылдады.

 3-саны. Жаничито Факетти «Интер» 1961-1978 жылдар

Ұлтжанды футболшыларымен италян клубтары қаншалықты мақтансада артықтық етпейді.  Фекетти «Интер» үшін барын аямады. «Нерадззуррилер»ге 17 жылдық еңбеген сіңген Факеттиге клуб тәрепінен «3» санын бір өмір оның атына қалдыруға шешім шығарды.

 6-саны. Франко Барези «Милан» 1977-1997 жылдар

Өзінің  20 жыл өмірін «Милан»ға арнаған ұлы қорғаушы Франко Барези «россонери»лер мен көптеген жеңістерге жетті. Клуб басшылығы еңбегі сіңген футболшыларды қалай құрметтеуді біледі.  Енділікте  «Милан»да 6 санымен ешкім алаңда доп теппейді.

 10-саны. Диего Марадона «Наполи» 1984-1991 жылдар

«Наполи»ға ұлы жеңістерді сыйлаған аргентиналық данышпан Неапол клубы құрамында 7 маусым ойнаған. Көптеген  грандтарды емес, қарапайым «Наполи»ді таңдаған Диего осы клубтың «10» санын мәнгілік өзінікі етіп алды.

14-саны. Йоханн Кройфф «Аякс» 1964-1973, 1983-1984 жылдар

Голландия футболы ардагері Йоханн Кройфф «Аякс»тің тарихында өзіндік орын қалдырған. Өйткені  Йоханн жетекшілігіндегі Амстердам клубы қатарынан 3 рет Европа Чемпиондар кубогында жеңіске жеткен. Жалпы есепте 10 жылдық қызыметін «Аякс»ке арнаған футболшыға клубтың «14» санын өз атына мәнгілікке қалдыру құрметі бұйырған.

 10-саны. Пеле «Космос» 1975-1977жылдар

Футбол королы «Сантос»тағы фантастик кезеңінен соң, карерасына «нүкте» қою мақсатында АҚШқа жол алады. «Космос»та 3 жыл алаңға шыққан Пелені клуб басшылары айырықша құрметтеді, оның атына өзі алаңға түскен «10» санын мәнгілікке рәсімдеп берген.

 Бонус. 3-саны. Паола Малдини «Милан»

«Милан»ның және бір аңыз футболшысы Паола Малдини де Франко Барези секілді «россонери»дің және бір «нөмір»ін өз атына мәнгілікке рәсімдеген. Тек қана бір айырмашылығы Миландықтардың  «3» інші нөмірінде келешекте Паоланың мұрагерлері жасыл алаңда доп тебу құқығына еге...