Доп тепкен танымал тұлғалар

Доп тепкен  танымал тұлғалар
жеке
блог

Бүгінгі күні түрлі салаларда жемісті еңбек етіп, елге еленіп, есімдері біршама таныс болған танымал тұлғалар әу басында футболды ермек еткендігі немесе футбол тағдырының бір бөлігіне айналғандығы туралы қызықты мәліметтерді аз да болса есітіп тұрамыз. Бұл блогымызда танымал тұлға емес, кезінде футболшы болуына бірақ қадам қалған кейбір әйгілі есімдер туралы сөз қозғаймыз... .

Әлемнің экс 1-нөмірлі ракетка шебері  швейцариялық Роже Федерер балалық кезінен ақ тенниспен шұғылданып келген, бірақ футболға деген қызығушылығыда ерекше болған, керек десеңіз келешекте профессионал футболшы болудыда армандаған. Арадан жылдар өтіп ата анасының қыстауымен соңында теннисті таңдайды. Аты әлемге танымал теннис шебері футболсыз өмірін елестете де алмайды. Туған қаласының  «Базел» футбол клубына және Италияның «Рома» командасына жанкүйерлік етеді. Кім білсін, кезінде теннис емес футболды таңдағанда  Федерердің есімі корттарда емес, футбол стадиондарында жанкүйерлер жүрегінен ән болып шырқалып жатармеді??? Кім білсін тағы???  

Және бір танымал ракетка шебері сербиялық Новак Жоковичте теннисші емес, танымал футболшы болуы мүмкін еді... Теннис шеберінің әкесі сол өңірге белгілі керемет футболшы болған. Срдян, перзентінің футболшы болуын қатты қалаған болатын, бірақ жас Новактың теннистегі қайталанбас ғажайып әрекеттері оның үлкен теннисте қалуын тәміндеген еді...

«Формула -1» белдесулері бойынша 7 рет әлем чемпионы германиялық  Михаил Шумахердің негізгі хоббисі  футбол болған. Ол  Германия төменгі дивизиондарының бірінде ойын көрсететін «FC Ечченс» футбол клубының егесі. Михаил бірнеше рет әлем футболы жұлдыздары қатысумен өткен шоу кездесулерінде алаңға түскен және өзіде бірнеше рет  «Формула-1» пилоттары арасында  футбол бәсекелерін ұйымдастырған.

Сер Артур Конан Дойл «Шерлок Холмс»тың бастан кешкендері туралы хикаясымен танымал болып кетеді.  Бірақ, оның  1880 жылы А.C Смит есімімен футбол ойнағанын біреу білсе, біреу білмейді. Ол «Порцмут» клубы құрамында қақпашы болған...

      Испаниялық танымал әнші  Хулио Иглесаис Мадридтің «Реал» клубы қақпасын қорғаған. Бірақ,  1963 жылы автоапаттан соң оның  карерасына нүкте қойылады. Ол ауруханада жатқанда мейіркеш оған гитарада ойнауды үйретеді және солай етіп оның әншілік карерасы бастау алады...

Танымал филолог және жазушы Алберт Камю 1920 жылдары Алжир ұлттық құрамасының қақпасын қорғаған...  Ол өзі туралы естеліктерінде төмендегіші жазған еді: «Мәрттік және парыз туралы барлық білімдеріме футбол арқылы қол жеткіздім».  

Өз тұсында өте танымал болған Рим Папасы Иоанн Павелл II өзі туылып ержеткен Польшадағы Вадовиса қаласының футбол клубында доп тепкен.

 

П.С: Бірнеше жылдардан бері БАҚ та жарияланған мәліметтер негізінде қызықты фактлерді топтастырып келемін. Бұл блогта сол жиналған мәлімметтер негізде жазылды. Сол үшінде мәлімметтер арасында азда болса қателіктер кеткен болуы мүмкін. Бірақ, бұл мәлімметтер бірнеше газеттерден жинастырылған...