Ұлу жылдары: 1940, 1952, 1964, 1976, 1988, 2000
Ұлу – билік пен ақылдың символы дейді, ал тағы бірі қырын танып білер болсақ, оның қауіп төндіретіндей де шалыс мінездері жетерлік деген сипаттама берілген екен. Аспан асты елінің жылнамашылары Ұлу жылы туылғандардың өмірі ерекше: олар жетістікке оңай жетіп, қиындыққа мойымайды және қашан да шытырман оқиғаларға тап болады да жүреді дейді.
Болжамдарға сәйкес, биылғы жыл Ұлу жылы туғандардың баршасына үлкен өзгерістер әкеледі: жақсы табыс, ойлаған жоспарларының іске асуымен қоса, зор бақытқа кенеледі екен.
Рианна 20 қаңтар, 1988 жыл. Әншінің 6-шы Talk That Talk атты студиялық күйтабағының әуендері сандық формат бойынша рекордқа жетіп, сатылымнан 47,5 миллион АҚШ долларын жинап алды
Айдын Шалқар 18 маусым, 1988 жыл. «Хит ТВ» арнасының тележүргізушісі: «Жаңа жобамның бейнебаянын түсіріп болдық. Алла қаласа, телеарналардан көресіздер», - деп өзінің ғаламтордағы жеке қоғамдық желісінің бетінде хабарлады
Моника Белуччи 30 қыркүйек, 1964 жыл. Сұлу ханым Dolce&Gabbana сән үйінің «Көктем-жаз - 2012» маусымы жарнамасының басты кейіпкері болды
Нұрлан Абдуллин 6 қыркүйек, 1964 жыл. Атақты әнші ұлымен бірге жаңажылдық демалысын Барселонада өткізуде
Дэн Браун 22 маусым, 1964 жыл. Америкалық жазушы, әрі журналист, әрі музыкант, әлемге тараған «Код да Винчи» кітабының авторы. Бұл туындыға арнайы фильм түсірілген болатын
Карина Абдуллина 13 қаңтар, 1976 жыл. Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігіне әнұран жазып, оны 2011 жылдың 27 желтоқсанында Мемлекеттік Кремль сарайында Зара есімді әнші орындады
Аша Матай 22 желтоқсан, 1988 жыл. Нәзік бикеш еліміздің бірнеше кинотуындылары: «Жаным» телехикаясы, «Менің күнәлі періштем», «Ағайындылар» атты кинотуындыларға түсіп үлгерді
Руперт Гринт 4 тамыз, 1988 жыл. Forbes журналының зерттеуі бойынша, Эмма Уотсон екеуі 4,2 миллиард АҚШ долларын қазыналарына қосып, «Ең бай жұлдызды жұп» атағына ие болды
Риз Уизерспун 22 наурыз, 1976. Голливудтық әртістің келесі айда «This Means War» атты кинофильмін көруге мүмкіндік бар
Гүлнар Досматова 5 қараша, 1964 жыл. Жақында Гүлнар Досматова "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болды
Киану Ривз 2 қыркүйек, 1964 жыл. Атақты актер «Адам Тайцзи» атты кинофильмде режиссер ретінде бақ сынады, түсірілімі биылғы жылдың мамыр айында басталды
Ринат Малцагов 17 маусым, 1988 жыл. «Екі жұлдыз» жобасында 2-ші орын алған Ринат Малцаговтың жаңа «Рассвет» атты әуені жарыққа шықты. Әуеннің композиторы, танымал mr.Ice еліміздің хитке айналған әуендерін жазған болатын
Сандра Баллок 26 шілде, 1964 жыл. Том Хэнкспен бірге ойнаған "Тым қатал және жақын" кинотуындысы 2012 жылдың 5 сәуірінде әлемдік прокатқа шығады
Аль Пачино 25 сәуір, 1940 жыл. Ұзақ уақытқа көзден де, көңілден де ұша бастаған Аль Пачино Халықаралық Палм-Спрингстің 23-ші кинофестивалінің қызыл кілемінде папараццилердің көзіне қайта ілінді
https://1tv.kz/kk/news/photostream/09012012/ulular