Бразилия – 2014. Қызықты мәліметтер
жеке
блог

Бразилия – 2014. Қызықты мәліметтер

Бразилияда өтіп жатқан 20-әлем чемпионаты да күннен күнге күтпеген жаңалықтарға толы болып, футбол жанкүйерлерінің қызығушылығын одан әрі арттыруда. Көптеген жанкүйерлермен футбол мамандары бұл  мундиалды соңғы жылдардағы әлем  чемпионаттары ішіндегі ең қызықтысы деп қабылдауда. Өйткені , 1998 жылы Францияда өткен мундиалдан соңғы  3 әлем чемпионатыда жанкүйерлер күткен ерекше сәттерді сыйлай алмаған еді. Бірақ  Бразилия алаңдарындағы мундиал ойындары жанкүйерлерге құшақ құшақ қуаныш сыйлауда, олар күткен «күтпеген сәттерді» тарту етуде. Бүгін сіздерге әлем чемпионатындағы ең қызықты мәліметтерді ұсынамыз.

 

Ең  “кәрі” ұлттық құрама:

 Бразилиядағы мундиалда қатынасып жатқан құрамалар арасында ең “кәрі”сі Аргентина ұлттық құрамасы. “Альбисалесте”нің  барлық  футболшысы өткен ғасырдың  80-жылдарында туылған. Команда футболшыларының  орташа жасы  28 жас 336 күн.

 

 Ең жас ұлттық құрама:

Аргентина ұлттық құрама командасына жас ерекшелігі бойынша қарсы -  Гана құрамасы, бұл команда мундиалдағы ең жас ұлттық құрама болып саналады. Африкалықтар құрамында  Асамоа Гьян, Андре Айю, Салли Мунтари секілді өткен  әлем чемпионатындада қатынасқан көптеген тәжрибелі ойыншылардың болуына қарамастан ұлттық құраманың орташа жасы 25 жас 224 күн.

 Ең «ақсақал» футболшы:

Турнирдің ең жасы өткен, «қарт» ойыншысы  Колумбия ұлттық құрамасының қақпашысы  Фарид Али Камило Мондрагон екен. Бұл қақпашының жасы 43 те. Бірақ, футбол жанкүйерлері жақсы білсе керек, футболда қақпашы үшін жастың ешқандай маңызы жоқ. Керісінше, жасы қанша үлкен болса, тәжрибесіде соншалықты жеткілікті болады. 

 

 Ең жас футболшы:

Бразилияда алаңдарындағы  әлем чемпионатының  ең жас футболшысы Камерун құрамасының мүшесі  Фабрис Олинга Эссоно есептеледі. Бұл талантты ойыншы 12 май күні 18 жасқа толды. Демек, турнирге старт берілгенде Эссоно 18 жас 24 күндік болған. Бұл Бразилияға келген футболшылар ішіндегі жасы ең кішісі.

Ең ұзын бойлы футболшы:

Турнирдегі бойы ең ұзын футболшы Англия ұлттық құрамасының мүшесі Фрэйзер Форстер екен. Оның бойы 2 метр 1 сантиметрге жетеді. Өкініштісі, Англия ұлттық құрамасы тобындағы қос кездесуде жеңіліске жетіп, жарыс жолын ертерек босататын болды.  Оларға  Форстердің  2 метрлік бойыда жәрдем бере алмады))).

 Ең аласа футболшы:

ӘЧның ең жас футболшысы камерундық екенін жоғарыда айтып өткен едік. Турнирдегі бойы ең аласа футболшыда осы Камеруннан екенін айырықша атап өткен жөн шығар. “Арыстан”дардың жартылай қорғаушысы Эдгар Саллидің бойы бар болғаны 163 сантиметрді құрайды екен. Камерун елінің ойыншылары турнирде айтарлықтай жарқын ойын көрсете алмады.  Тек қана түрлі келіспеушіліктер, футболшылар арасындағы өзара өкпе, нұрсыз ойын және екі көрсеткіш – ең жас және бойы ең аласа футболшыларымен есте қалды!!!

 ӘЧ да ең көп қатынасқан құрама команда:  

 

Әлем  чемпионаттарында ең көп қатынасқан ұлттық құрама бұл – сөзсіз Бразилия құрамасы. Пентакампиондар (бес рет әлем  чемпиондары (Айтқандай, бұл көрсеткіш бойынша да бразилиялықтар жалғыз құрама есептеледі)) осы уақытқа дейін өткерілген  20 мундиалдың баршасында қатынасқан жалғыз құрама. Басқа бірде бір құрама команда  барлық  мундиалдарда толық қатынаса алмаған.

 ӘЧ да алғаш қатынасып тұрған команда:

Босния және Герцоговина ұлттық құрамасы әлем чемпионатыда алғаш рет қатынасып отырған команда есептеледі. Олар саралау басқыштарында керемет ойындарын көрсетіп, бірінші орынды иелініп әлем чемпионатына  жолдама иеленген болатын. Бірақ өкініштісі, чемпионатта олардың жолы сәтті болмады. Босниялықтар турнирмен ертерек қоштасты.

 ӘЧ да ең көп ойын өткерген команда:  

Германия құрама командасының Португалияға қарсы өткен топтағы алғашқы ойыны бундестим үшін мундиалдардағы 100-ойыны болды. Бұл рекорд көрсеткіш. Балық әлем чемпионаттарында қатынассада Бразилия мундиалдарда осыншама көп ойын өткермеген. Германия құрама командасының бұл мундиалда ойындарын әліде жалғастырып жатқанын ескерсек, бұл рекордтың қазірше басқа құраманың бұзарын ойламасақта болады))).  

Легионері  жоқ команда:

Бразилияға келген құрамалардың ішінде тек қана Ресей ұлттық құрамасының құрамында бірде бір легионер ойыншы жоқ. Бір қызығы, Гондурас секілді футболы әлі де дамымаған ел құрамаларының құрамында да легионер футболшылар бар. Бірақ,  ресейліктер құрамындаға барша ойыншылар тек қана ұлттық чемпионатта ойын көрсететін командалар мүшелері есептеледі....  

 Ең көп футболшы Англия Премьер-лигасынан:

Мундиалда қатынасып жатқан құрамалардың құрамындағы  футболшылардың көпшілігі Англия Премьер-лигасы және чемпионатында ойын көрсетеді. Қазір мундиал ойындарында премьер лиганың  119 ойыншысы қатынасып жатыр. Англия Премьер-лигасы әлемдегі ең күшті чемпионаттардан екенін ескерсек мұның ешқандай таңданатын жәйі жоқ...

 Ең көп футболшы  «Бавария»дан:

“Бавария” клубы мундиалға ең көп ойыншы жіберген клуб есептеледі. Мюнхендіктер құрамындағы  15 футболшы мундиалда түрлі ұлттық құрама командалар құрамында доп тебуде.