Ақшасыз істей алатын жалғыз нәрсе – бұл қарыз

Ақшасыз істей алатын жалғыз нәрсе – бұл қарыз
жеке
блог

    Ақша – ол қағаз. Бірақ біз сол қағаз үшін ұрысып та, татуласып та, қылмыс жасап та, адамгершіліктен айырылып та жүрміз. Неге? Өйткені ақша біздің тамағымыз, киер киіміміз. Ақшаның шығарылғаны дұрыс, бірақ ата-бабаларымыз ақшасыз да өмір сүрген жоқ па? Неге ақша үшін біз өтірік айтуға, ұрлыққа, алдамшы достыққа барып жүрміз. Осы көк қағазсыз өмір - өмір емес дейтіндер кездеседі.

    Жоқ, ақшасыз өмір сүруге болады. Себебі біз ақшаны ішіп-жемейміз. Ақшаға сатып алған нәрсені пайдаланамыз. Ақшаны табу керек. Бірақ шектен тыс шығып кетудің еш қажеті жоқ. Дегенмен де қазіргі күні ақшасыз күн көру қиын. Пол Гетти деген данышпан «Егер сіздің ақшаңыз болмаса, сіз ақша туралы ойлайсыз. Ал егер ақшаңыз бар болса, онда ақшаны ғана ойлайсыз» деп айтыпты.  Иә, ақшасыз қазір ештеңе де істей алмаймыз. Ақшасыз істей алатын жалғыз нәрса – бұл қарыз. (Бұл сөзді де бір жерден оқыған сияқтымын)

     Меніңше ақшаның соңынан қуудың қажеті жоқ, оның қарсы алдынан шығу керек. Қалай десек де ақшаның маңызы бар. Проспер Мериме айтқандай «Ақшадан басқа да маңызды дүниелер бар, бірақ оларды ақшасыз сатып ала алмайсың». Еңбек етсең ғана ақша болады. «Басқаның қалтасындағы ақшаны санау әдепсіздік, бірақ қызық» деп айтса да өз қалтамызда адал еңбекпен табылған ақшаның болғанына не жетсін?