Арғы бет пен бергі бет

Арғы бет пен бергі бет
жеке
блог

Арғы бет пен бергі бет

Тау ұлы!
Тарбағатай сілемінде,
Жер жусан!
Жасыл торқа кілемінде.
Жұрт қалды жыры-дала, әні-Отан,
Сақталып арман-тілек жүрегінде.

Тау ұлы! 
Тарбағатай сілемінде,
Жер жусан!
Жасыл торқа кілемінде.
Жұрт жатыр жыры-азат, әні-еркін,
Сақталып көк байрағы жүрегінде.

Арғы бет!
Аңсағаны баба басы,
Кеудесін тіреген рух бағанасы.
Әкенің ақ тілегі өз жерінде,
Шырылдап туылса екен шаранасы.

Бергі бет!
Қырда тойы , белде –думан,
Қазақтың еркіндігі елде –ұран.
Тағында Тәңір берген тау ұлы отыр,
Қолында - домбырасы, төрде Құран! 

Қос беттің жаны да бір қаны да бір,
Таптатпас ар дейтұғын ағына кір.
Бергі бет бетін жуған жасын сүртер,
Арғы бет жазып жатса сағына жыр...

Жер-Ана!
Бетің тегіс әттең, бірақ...
Бір кіндік тарқатылып кеткен жырақ.
Қазақтың бәрін жиып той жасар ем,
Ех,шіркін! 
Табылса егер көктен тұрақ!

03.07.2014