Мұғалім оқушымен конфликтке келе алмай ма?

Мұғалім оқушымен конфликтке келе алмай ма?
жеке
блог

Біз өзі қызықпыз ғой, мектеп кезінде мұғалімді пір тұтатын едік, енді келіп, мемлекеттік деңгейде мұғалімнің оқушылармен конфликтті жағдайға келуіне тосқауыл қойдық. Мұны қалай түсінеміз? Оқушы оқымайды, ал оған атам замманнан бері келе жатқан жазалау әдістерінің түр-түрін қолдануға болмайтын болып шықты. Бұл дегеніңіз мұғалімді «ешкім» қылуға тырысу. Менің жеке пікірімде мұғалім әрқашан да оқушыдан жоғары болуы тиіс әрі оқушыдан құзыреті көбірек болуы керек. «Керек-керекпен» шешілмесі де анық, әрине. Бірақ ютубтағы мұғалімін ұрып-жығып, боғауыз сөз айтып отыра беретін жағдайлар бұқаралық сипат алса, онда ұстаз деген қастерлі атты ұмыта бергеніміз жөн шығар?!

Тарихқа көз жүгіртейік, молданың әліпті таяқ деп білмейтін (кейде білгісі келмейтін) есер балаларға шыбықпен жаза қолдануын қаншама рет көркем әдебиеттен оқыдық. Бұл тәртіп жүйесін бері келе демократияланған біз бұрыс деп таптық. Енді келіп, Ушинскийдің «партадағы оқу» жүйесіне үйренгеніміз сол еді, екі құлағы тік шыққан бұл заңды қалай түсінеміз? Сіздер қалай ойлайсыздар?

Әлде мен дұрыс түсінбей отырмын ба?

Осыған байланысты қазірге дейінгі заңнама бойынша мұғалімге сабақ кезінде не істеуге болмайтынын айтып өтейін:

— Оқушыларды ұрып-соғуға;

— Сабақтан кешігуге;

— Оқушыны сабақтан қуып шығуға;

— Оқу үлгеріміне қатыссыз, оқушының жеке тәртібіне баға қоюға;

— Маусымдық демалыстарға тапсырма беруге;