Рамазан айы!!!

Рамазан айы!!!
жеке
блог

Ассаламағалейкум,
Жан-жүрегі Алла деп соққан күллі мұсылман баласы асыға, аңсай күткен Рамазан айы да келіп жетті. Қасиетті туған жердің көкшіл тұнық аспанына баяу ғана сырғып көтеріліп, кербез сұлу Шаһри Рамазан нұрлы жүзімен дүниені тамсандырып қалықтады. Жыл он екі айда бір оралып, жан- сарайымызды сұлу сырға, рухани әлемнің шұғылалы нұрына бөлеп кететін қайырлы қонағымыз бәрімізге де құтты болсын! Елімізге, халқымызға, баршамыздың от-басымызға құт-береке әкелсін!