Археологиялық практикадағы күндерім
жеке
блог

Археологиялық практикадағы күндерім

  Тарих факультетінің студенттерінің,өзге факультет студенттерінен ерекше бір дәстүрі бар.Ол жазғы сессия бітісімен дала кезіп,цивилизациядан тыс екі жеті өмір сүріп,археологиялық практикаға шығуы.Әрине тарих мамандығы үшін бұл қалыпты құбылыс,бұзылмас заңдылық.Ал 1-ші курсты жаңа бітірген,біз секілді перуаштарға бұл қызық.

  Университетке түсе салысымен куратордан бәріміз археологиялық практикаға барамыз ба?Қайда?Деген сұрақтарды жаудыра бастадық.Сірә оларға да мұндай жағдай үйреншікті болса керек.Ия барасындар.Жақындағанда көреміз қайда баратындарынды деген жауап естиміз.Сонымен сессия бітті.Бәріміз аман-есенбіз.Енді цивилизациядан тыс,  далалықтағы екі жеті өмірге дайындалу қалды.Мейрам ағай  ( Ақтөбе өлкетану мұражайының директоры,археолог.Біздің жетекшіміз) керектінің бәрін өзі келіп айтты.Біз тек киім-кешек,анау-мынауымызды дайындадық.Университет алдынан үлкен икарус автобуспен,қаламыздың шет жағына,нақты айтсам Ақтөбе-Батамша тас жолының бойындағы Шилісай ауылына әкелді.Ауыл маңында Қарғалы өзені ағып жатыр.Ағыс деген керемет.Шағын ғана орман бар.Біздің лагерь осында орналасты.Күрке құрып,көрпе төсегімізді сайлап,түскі асымызды ішуге бардық.Барсақ онда алюминний ыдыстағы борщ пен алюминний стакандағы қара шай.Екі жеті осындай тамақ жейміз бе? деп бәріміз бір-бірімізге қарадық.Тамақты жеп аларсын.Ал алюминний стакандағы шайды ішу азаптың азабы.Жоқ дәмі жаман емес.Ыссы.Байқамасан аузынды күйдіресін.Екі жетіде бұған да үйрендік.

  Таңғы сағат 5:30.Кейбір жұрттардың тәтті түс көріп ұйықтап жатқан шағы.Бір кезде пәдем деген ащы дауыс сенің тәтті түсінді бір-ақ сәтте жоқ қылып жібереді.Сосын өзенге барып беті қолынды жуасын.Тамаққа келесін.Алюминний ыдыстар.сағат 6:00 қорғанға дұмысқа барасын.Бұл кезде қалада кейбір жұрт енді тұрса,кейбір жұрт әлі ұйықтап жатыр.Ал біз екі қолға бір күрек алып жер қазуға кірісеміз.Ағайлар бар жөн сілтеп отыратын.Міне мынау материк(мәдени қабат - яғни ертеде адамдар өмір сүрген қабат,мәдениеттің ізі),мынау бәленше.Одан қалса былай қазасын,бүйтесін де сөйтесін т.с.с.Күрек демекші, күрек ұстай алмайтын адамдар да бар екен.Енді қалада этаж үйде тұрса қайдан ұстасын.Жұмыс уақыты зорға өтеді.Өліп талдым деп түскі асқа келесін.О тоба тағы да алюминний ыдыстар.Тамақтан соң күркеге келіп құлайсын.Жұмыс уақыты алты сағат.Түстен кейін жұмыс жоқ.Бір-екі сағаттан соң ер жігіттер екіге бөлініп бір бөлігі ауылдағы құдыққа,суғп барамыз.Бір бөлігіміз орманға,отынға барамыз.Себебі онсыз кешкісін аш қаламыз.Одан соң бағанағы шаршағанымызды ұмытып жын ұрғандай волейбол,футбол ойнаймыз.Футбол демекші бір күні ағайлармен ойнап 10:3 боп ұтылып қалғанымыз бар.Нешауа әлі талай практиканттарды ұтасындар деп қояды.Уақытында көрерміз.Кешкі ас.Одан соң суға түсесін.Сосын басталады қызығы.Алау жағып,шоққа кәртөшкі салып жастар жиналамыз.Неше түрлі анекдот,неше түрлі қорқынышты әңгіме,неше түрлі дауыстағы әндер.Ән демекші,мұндағы әндер керемет.

Тым жақсы жазып келе жатыр едім.Планшетім әрі қарай жазбай қалғаны.Айып етпессіздер.

  О мұндағы әндер керемет,бірақ әттең 33 баласы бар ТАРФАКТАН бір гитарашы табылмағаны.Жаз болса да жеңі бар киім үстімізде.Себебі көп.Әуелі кешкілік күн салқын.Екінші маса талайды мұнда.Алау айналасы керемет,қызып жатыр.Бір кезде ағайлар келіп Әтбой дейді.Амал жоқ жатасын.Бір жағынан ертең ерте тұру керек.

  Ұзын сөздің қысқасы археологиялық практикадағы күндерім,өмірімдегі ең әдемі кездерім деп қашанда еске аламын.Оқып жатып не таптыңдар? деген сұрақ қоярсыздар көп зат таптық.Біз қазған қорған Жетіқорған деп аталады.Себебі мұнда жеті қорған бар.Біз осы екі жетіде жеті қорғандыиқазып бітірдік.Мұнда қола және темір дәуіріне тән ескерткіштер бар.Батыс андронов мәдениеті мен Сарматтардың ізі қалған.Жетіқорғанда әрбіреуінде кем дегенде 2-3 адамнан жерленген.Олардың соғыста өлгенің байқауға болады.Өйткені бас сүйектері жарылған.Жекелей заттар келер болсақ.Қорғандардың көбісі тоналған.Дегенмен біз керамиканың қалдықтарын,сарматтардың қоладан жасалған айнасын,андрновтықтардың қола орағы,ұршықтың басы( ағайлар үшін ерекше тосынсый болған бұйым).

  Сөз соңында айтарым,ҰБТ  бітті.Құрметті жас түлектер егер сендер ҰБТ-да тарих пәнің таңдаған болсандар тарих факультетіне келіңдер.Сендерге есік әрдайым ашық.Және міндетті түрде археодогиялық практикаға келіңдер.Бұл жердің қызығы да бар,шыжығы да бар.Тәуелсіз елімізге жас археологтар керек.Осы бір мамандықтың тапшы екені сезіледі.


жұмыстан соң