КАРАОКЕ КИЛЛЕР тележобасына КАСТИНГ!!!

КАРАОКЕ КИЛЛЕР тележобасына КАСТИНГ!!!
жеке
блог

   Сәлем достар! Наурыз айынан бастап НТК арнасы "Караоке киллер" атты жобасын халықтың назарына ұсынған болатын. Бірінші бөлімінің көрсетілімі жақын күндері аяқталды. Жобаның тұрақты көрермендері екінші бөлімнің болуын өтініп сұрап жатыр. Осыған орай, көпшіліктің сұрауы бойынша, екінші бөлімге кастинг жариялауды жөн санадық. Қызығушылық танытқан болсаңыздар, ұялмай хабарласыңыздар! Embarassed 

"Әу" демейтін қазақ жоқ демекші, ән айтуды сүйетін болсаңыз, караокенің түбін түсіріп, сахнада өзіңіздің батылдылығыңызды көрсете алатын жан болсаңыз, бізге келіңіз! Ең бастысы, қандай жағдай болмасын "Ән айтуды тоқтатпауыңыз" керек! 


Кастинг келесі айдың 15-нен бастап өткізіледі. Қазірден бастап жазылуды ұмытпаңыздар!

Толық мәліметтер алу үшін 8 (727) 250-65-61 нөмеріне хабарласыңыздар! Тек, кешігіп қалмаңыздар!