Ақша шақырудың жолдарын білесіз бе?
жеке
блог

Ақша шақырудың жолдарын білесіз бе?

Иә, ақшаны жақсы көрмейтін адам кемде-кем шығар. Еңбек етіп, жұмыс істеу бір бөлек әрине, сонымен қатар ақшаны шақыру, тарту деген ұғымдар бар. Яғни ақшаның энергиясын оз үйіңізге бағыттау. Бұл дегеніміз - күмәнді сиқырлармен, түсініксіз магиялармен айналысу емес, кейбір ақшаға қатысты ырымдарды (осылай айтқаным жөн болар) орындау. Бар болғаны сол ғана. Әдетте барлық уйде бүкіл отбасы жиналып ас ішетін ас үстелі болады. Сол үстелдің бетінде жабулы тұрған ас дастарқанының астына бір немесе бірнеше қағаз ақшаларды қойып қойған дұрыс. Яғни мүмкіндігінше ұсақ-түйек ақшадан гөрі өз қалтаңызда немесе әмияныңызда көргіңіз келетін ақшаны қойғаныңыз жақсы. Ас үстелі дастарқансыз, жалаңаш тұрмау қажет. Айтпақшы, дастархан әрдайым жаңа, таза, жыртылмаған, әдемі болуы керек. Себебі ақша тазалық пен әдемілікті өте жақсы көреді екен.

Бос бөтелке, бос шыны, бос вазалардың үстел үстінде тұрмағаны дұрыс. Оның орнына ыдысқа 9 ірі апельсин салып қойсаңыз – ақша шақырудың бұл да бір символы.

Үстелге бас киім, қолғап, кілт қоймайды және тамақтанып болғаннан кейінгі ас қалдықтарын қолмен сыпыруға болмайды.

Кіреберіске төселген линолеум немесе кілемшенің астына бірнеше ірі тиындар тастап қойыңыз.

Шкафта ілулі тұрған жақсы, жаңа киіміңіздің қалтасына ірі купюра салып қойсаңыз да болады.

Ақша салатын әмияныңыз да әдемі болсын. Ақшаны бүктемей, мыж-тыж қылмай, мұқияттап салу керек.

Ақшаны алғанда шын көңілмен, ризашылықпен алу керек. Мейлі жалақыңыз болсын, мейлі қарыздан қайтқан ақша болсын, мейлі сый ретінде берілген ақша болсын – әрдайым қуанышпен қабылдаңыз. Себебі ақша да жақсы көңіл-күйді ұнатады.

«Ақшам жоқ», «менде үнемі ақша болмайды», «маған ақша қайдан келсін» деген сөздерді ешқашан айтпаңыз. «Уақытша болмай тұр» деп айтсаңыз да жеткілікті.

Үйдің шығыс немесе оңтүстік-шығысына жасаңшөп (толстянка немесе «денежное дерево») қойып қойса, ақшаның энергиясын жақсы шақырады. Сол секілді түрлі бойтұмарлардың, амулеттердің де саны көп. Осы сияқты мың сан жақсы кеңестерді шығыстың фен-шуй ғылымынан көптеп табуға болады. Менің сіздерге бұл айтқандарым – санаулысы ғана. Әрдайым ақшамыз көбейе берсін, достар!