Алғашқы махаббат ұмытылмайды
жеке
блог

Алғашқы махаббат ұмытылмайды

    Күздің соңғы айы.Ауа дымқыл.Бойыңды дірдек қаққызатын қара суық.Ағаштар қартайып,қаусап жасыл желектерінен айырылған.Тек кейбіреулерінде бірлі-жарым жапырақ ілулі тұр.Аспанды қою бұлт торлап күңгірттеніп тұр.Айналаңда мысыңды басатын меңіреу тыныштық орнаған.Осындай күні үйде,көрмеге қымтанып алып,демалып жатқанға не жетсін!Бірақ күйбең  тіршілік оныңа қоймайды...

    Екінші тоқсанның басталғанына бір аптадай болған еді.Ботагөз ауруханадан енді шығып,бүгін мектепке келген.Үзіліс уақытында 11 сыныптың 3 жігіті қызға тесіле қарап,қолдарымен бұны көрсетіп,өзара шүйіркелесіп тұрды.Бұған ол мән бермеді.

   Сабақ бітті.Ботагөз түзу тротуармен үйге қарай беттеді.Қабағы салыңқы.Бір кезде артынан біреулердің шықырып жатқанын естіп,бұрылса әлгі үшеуі екен.Өзі бұл мектепке жаңадан көшіп келгесін 11 сыныптарды онша тани қоймайтын.Бірақ ортасындағы сөз бастап тұрған жігітті сыртынан танитын еді.Бұл 11 арасындағы мықтысымақ Айдос еді.Айдос туралы құрбылары да,достары да түрлі әнгіме айтып жүретін.Соны есіне алған қыз дауысына зіл қосып:

- Не керек?

- Жәй,сенімен танысайық десек,өзің бііір ұстатпайсың ғой.Біраз жүгірдік артыңнан.

- Жүгірсең қайтейін,сенімен сөйлесіп тұратын уақытым жоқ.Сау бол!- деп бұрылып кетіп қалды.

    Осы таныстықтан кейін арада 3 ай өткен.Сылқым қыз мектеп ішінде үлкен беделге ие болып үлгерді.Бірақ үнемі жанарынан мұң білініп жүретін.Ол мұңның себепшісі 11 сыныпта оқитын Қуаныш есімді жігіт еді.Қуаныштың да бұны көргенде түсі сұрланып,жанарына мұң толып,көз алмай қарап өтетін.Бірақ үндемейтін.Бұл үнсіздіктің себепшісі 3 ай бұрынғы оқиға еді.Иә,ол оқиғаның қандай қатысы бар.....қатысы мынада...сол үшеудің арасында осы Қуаныш та бар еді,Айдосты танысуға үгіттеген де осы Қуаныш болатын.Ал Ботагөз бұларға мінез танытты.Содан кейін жігіттің өркөкіректігі мен тәкаппарлығы қыздың алдына әкелмеді.Тіпті,Ботагөздің сезімін біле тұра дегенінен қайтпады ол....

  Ақпанның орта кезі.Күн түске таяп қалған.Аспанда бұл жоқ,ашық.Жарығы көз тайдыратын нұрлы күн өзгеше жарқырап тұрса да,ызғарлы қар суық ауа қызуын жоғалтып жарығына жансыздықтың табын басып тұрғандай.Ботагөз күндегі әдетімен үйіне жаяу аяңдап бара жатыр.Сеңдей соғылған сезімі бұны ес-түстен айырған.Ерсілі -қарсылы өтіп жатқан көліктерді де байқамайды ой шырмауында келе жатып..Құлаққаппен Еркін Нұржанның "қайтер едің" деген әнін тыңдап келе жатыр.

Сүймеймін деп айтшы сен шамаң келсе,

Мен деп соққан жүрегің соған көнсе.

Қайтер едің жаным-ау,қайтер едің 

Мына менің күйімді саған берсе....деген өлең жолдары өз ойын дөп басқандай.

    Мамырдың жиырма бесі.Бұл күн Ботагөз үшін алғашқы махаббатымен қоштасатын күн.Себебі,Қуаныш мектеп бітіріп,үлкен өмірге қанат қағады.Жоғарғы оқу орнына түседі.Ал онда....онда неше түрлі қыздар бар.Соның біреуіне ғашық болады....Осындай орамта ойлар арасында от кешіп келе жатыр.

   Салтанатты кеш басталды.Міне,11 сыныптар шығып келе жатыр.Ботагөздің ботадай жанары тек бір жанды көру үшін жаралғандай.Қуанышты алғашқы рет көріп тұрғандай ұзаааақ телмірді.Қуаныштың қап-қара мойылдай көздері,қырындай келе ұшы дөңгелене біткен мұрны,кіп-кішкентай ерні,толқынданған қайратты шашы бұл үшін тыыым сүйкімді еді.Қуаныш бәрін байқап тұрды.Бірақ сыр білдірмеді,себебі оның сезімі тәкаппар әрі паң еді.....Сол күні Ботагөздің жүрегі қарс айырылды....

   Арада екі жыл өтті.Ботагөз 9 сыныптан кейін колледжге түсіп кеткен.Бойжетіп,хас сұлудың өзі болған.Аракідік мектептегі таныстарынан Қуаныш жайлы сұрап тұратын.Олардың айтулары бойынша Қуаныш университетте заңгер мамандығында оқып жатыр.Ботагөзге сезімін білдірген жігіттер көп еді.Бірақ бұл ешқайсысының сезімін қабыл алмады.Себебі Қуанышты ұмыта алмаған.Алғашқы махаббат ұмытылмайтынына көзі жетті...соған көндікті...

p.s Ботагөз де Қуаныштың алғашқы махаббаты екенін білген жоқ ед.....ол......