Алаштың алыптары, біздің барыстар жолға шықты

Алаштың алыптары, біздің барыстар жолға шықты
жеке
блог

Санаулы күндерден соң Елордамыз төрінде өтетін қазақ күресінен Елбасы жүлдесі үшін ұйымдастырылатын "Қазақстан барысы" турниріде бастау алады... Әр өңірден саралап алынған балуандар тізімімен таныс болыңыздар:

Айбек НҰҒЫМАРОВ

Бүркеншік аты: Шығыс Барысы

Салмағы: 138 келі

Бойы: 189 см

Туылған жылы:  1987 жыл

Спорттық атағы: самбо және қазақ күресінен ауыр салмақта халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен екі рет әлем чемпионы  (2008, 2010), Азия чемпионы (2008), әлем кубогы иегері (2011), бірнеше дүркін ел біріншілігінің және «Қазақстан барысы» турнирінің 2013 жылғы жеңімпазы. Самбодан Қазақстан біріншілігінің жеңімпазы (2012).

 

Ақмола облысы

Нұрлан ЖАМАЛОВ

Бүркеншік аты: Көкше Арланы

Салмағы: 92 келі

Бойы: 188 см

Туған жылы: 1986 жыл

Спорттық атағы: Самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері.  Самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (2006), самбодан Азия чемпионы (2009). Бапкері: Бекім Жапаров. 

Леонид СТАНЕЕВ

Бүркеншік аты: Ақмола Қасқыры

Салмағы: 82 келі

Бойы: 178 см

Спорттық атағы:  қазақ күресінен спорт шебері

Ақтобе облысы

Нұрсұлтан ИМАНҒАЗИН

Бүркеншік аты: Сары Бала

Салмағы: 95 келі

Бойы: 180 см

Туған жылы: 1990

Спорттық атағы: Спорт шебері, қазақ күресінен Қазақстан Кубогының күміс жүлдегері, бапкері: Марат Көшеров

Рүстем БӨРБАЕВ

Бүркеншік аты: Бөрі

Салмағы: 82 келі

Бойы: 178 см

Алматы облысы

Айдос ҚАҢЛЫБАЕВ

Бүркеншік аты: Жетісу Барысы

Салмағы: 147 келі

Бойы: 188 см

Туған жылы: 1989

Спорттық атағы: Самбодан спорт шебері, самбодан әлем чемпионатының қола жүлдегері (Болгария, 2009) қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатынасушысы (2012, 2013)

Саят ШӘМШИЕВ

Бүркеншік аты: Алакөл Бөрісі

Салмағы: 83 келі

Бойы: 179 см

Спорттық атағы: дзюдодан Қазақстан Республикасының ІІІ-Жазғы спартакиадасы жеңімпазы, қазақ күресінен әлем чемпионы

Атырау облысы

Сұңғат ЗАКАРИЯЕВ

Бүркеншік аты: Ағатай

Салмағы: 85 келі

Бойы: 185 см

Туған жылы: 1992

Спорттық атағы: Дзюдодан спорт шебері, дзюдодан жастар арасындағы Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері, қазақ күресінен  «Қазақстан барысы» турнирінің қатынасушысы (2013).

Бекболат САЛЫҚОВ

Бүркеншік аты: Тарлан

Салмағы: 110 келі

Бойы: 183 см

Батыс Қазақстан облысы

Еділ ҮСЕНОВ

Бүркеншік аты: Бура

Салмағы: 108 келі

Бойы: 181 см

Спорттық атағы: самбодан халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионатының қола жүлдегері, бұған дейін «Қазақстан барысының» финалдық бәсекесіне екі мәрте қатысқан.

Жамбыл облысы

Бейбіт ЫСТЫБАЕВ

Бүркеншік аты: Тараз Арланы

Салмағы: 140 келі

Бойы: 193 см

Туылған жылы: 1985 жыл

Спорттық атағы:  қазақ күресінен әлем және Азия чемпионы, 18 дүркін қазақ күресінен «Түйе балуан» атағы үшін өткерілген турнирлер жеңімпазы,  дзю до бойынша ел біріншілігінің жүлдегері,  қазақ күресінен «Қазақстан барысы»(2012) және «Еуразия барысы»(2013)  турнирлерінің жеңімпазы, «Қазақстан барысы» турнирінің  4 рет қатысушысы.

Дәулетхан ЖАҚЫПОВ

Бүркеншік аты: Талас Қыраны

Салмағы: 83 келі

Бойы: 179 см

Туған жылы: 1992

Спорттық атағы: Дзюдодан спорт шебері, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы (2013)

Қарағанды облысы

Асыл БАРМЕНОВ

Бүркеншік аты: Жас Сұңқар

Салмағы: 98 келі

Бойы: 177 см

Спорттық атағы: дзюдо және қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері,  дзюдодан  ел біріншілігінің жеңімпазы (2007), қазақ күресінен ел біріншілігінің екі рет күміс медаль иегері  (2005, 2007), Азия біріншілігінің күміс ( 2008) және қола (2009) медал иегері .

Бекзат АХМЕТБЕКОВ

Бүркеншік аты: Сайдалы

Салмағы: 93келі

Бойы: 180 см

Туылған жылы: 1989 жыл

Спорттық атағы: самбо және қазақ күресінен Қазақстан біріншілігінің қола медаль иегері (2010),самбодан ел біріншілігінің күміс медаль иегері (2011), самбодан Азия біріншілігінің қола медаль иегері (2011), қазақ күресінен Қазақстан Кубогының қола медаль иегері (2011), қазақ күресінен екі дүркін Азия чемпионы (2012, 2013)

Қызылорда облысы

Айбек СЕРІКБАЕВ

Бүркеншік аты: Майлыбай

Салмағы: 100 келі

Бойы: 190 см

Туған жылы: 1993 жыл

Спорттық атағы: қазақ күресінен спорт шебері , қазақ күресінен жастар арасындағы әлем чемпионы (2011) 

Руслан ӘБДІРАЗАҚОВ

Бүркеншік аты: Сыр Барысы

Салмағы: 117 келі

Бойы: 195 см

Спорттық атағы: қазақша күрестен спорт  шебері, қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы (2011), аймақтық «Сыр Барысы» турнирі жеңімпазы (2014) , қазақ күресінен әлем және Азияның күміс жүлдегері .

Маңғыстау облысы

Мейрамбек ЖАҢАБАЙ

Бүркеншік аты: Жас Қыран

Салмағы: 87 келі

Бойы: 177 см

 Туған жылы: 1995 жыл

Спорттық атағы: Қазақ күресі, дзюдо және самбодан спорт шеберлігіне үміткер, Самбодан Орталық Азия чемпионатының жеңімпазы (2013), дзюдодан ІІІ жастар ойындарының қола жүлдегері, қазақ күресінен республикалық турнирдің жеңімпазы, самбодан Қазақстан чемпионатында 3-орын , қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирі қатысушысы (2013),

Оңтүстік Қазақстан облысы

Жұманазар ЕРСҰЛТАНОВ

Бүркеншік аты: Жақсығұл

Салмағы: 160 келі

Бойы: 183 см

Спорттық атағы:қазақ күресінен «Қазақстан барысы″ турнирінің қола жүлдегері (2013), аймақтық «Шымкент барысы» турнирінің,  «Оңтүстік Қазақстан» газеті жүлдесі үшін біріншіліктің, «Оңтүстік барысы» турнирінің жеңімпазы. Жапон күресінен жастар арасында жеті дүркін Қазақстанның және әлем кубогінің жеңімпазы, Азия чемпионатының жүлдегері.

Сабыржан ӘБІЛДАҰЛЫ

Бүркеншік аты: Оңтүстік Арланы

Салмағы: 110 келі

Бойы: 182 см

Туған жылы: 1989жыл

 Спорттық атағы: Қазақ күресінен спорт шебері. Самбодан Азия чемпионы (2008), дзюдодан Азия чемпионатының қола жүлдегері (2009), кураштан Азия чемпионы (2003). Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы (2013) самбо мен кураштан Азия чемпионы атанған. 

Павлодар облысы

Дархан ЖОЛАМАНОВ

Бүркеншік аты: Асау

Салмағы: 101 келі

Туған жылы: 1986

Спорттық атағы: Белбеу күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, қазақ күресінен спорт шебері. Белбеу күресінен Азияның үш дүркін чемпионы (2006,2008,2010), белбеу күресінен әлем чемпионатының қола жүлдегері (2009). Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы ( 2013) , аймақтық «Алтын белбеу» турнирінің жеңімпазы, «Ертіс-Баян барысы» атағы иегері (2014)

Батырхан ЖҮНІСОВ

Бүркеншік аты: Тұлпар

Салмағы: 90 келі

Бойы: 173 см

Солтүстік Қазақстан облысы

Рүстем ЖҰМАЕВ

Бүркеншік аты: Қаражал

Салмағы: 135 келі

Бойы: 198 см

Туған жылы: 1992

Спорттық атағы: Самбодан спорт шебері,  Самбодан әлем чемпионатының күміс жүлдегері (2009). Қазақ күресінен  аймақтық  «Қызылжар барысы» облыстық  турнирінің жеңімпазы

Дәурен ЕСЛӘМОВ

Бүркеншік аты: Баян Батыр

Салмағы: 85 келі

Бойы: 180 см

Спорттық атағы: қазақ күресінен аймақтық «Қызылжар барысы» турнирінің күміс жүлдегері  

Шығыс Қазақстан облысы

Мұхит ТҰРСЫНОВ

Бүркеншік аты: Жалын

Салмағы: 95 келі

Бойы: 185 см

Туған жылы: 22.04.1988

Спорттық атағы: қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы  (2013),  Алтайда дүркіреп өткен Оралхан Бөкейдің тойында балуандар арасында «Алтай барысы» атанған (2013), аймақтық «Шығыс барысы» турнирі жеңімпазы (2014) Қазақ күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, дзюдо мен самбодан спорт шебері. Қазақ күресінен Әлем кубогінің иегері (2011), қазақ күресінен Азия чемпионы (2009). 

Шалқар ЖОЛАМАНОВ

Бүркеншік аты: Қожағұл

Салмағы: 107 келі

Бойы: 174 см

Спорттық атағы:  «Қазақстан барысы-2011» турнирінде қола жүлдегер, «Қазақстан барысы-2012» турнирінде күміс жүлдегер, Азия чемпионатында күміске жүлдегер (2013)

Алматы қаласы

Арслан ӘБДАМИТ

Бүркеншік аты: Алматы Барысы

Салмағы: 100 келі

Бойы: 185 см

Туған жылы: 1986

Спорттық атағы: Дзюдодан спорт шебері. Дзюдодан Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері (2010). Қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы (2013)

Бақыт ЫСМАҒҰЛОВ

Бүркеншік аты: Мардан

Салмағы: 120 келі

Бойы: 183 см

Туған жылы: 1991 жыл

Спорттық атағы: қазақ күресінен спорт шебері, қазақ күресінен жасөспірімдер арасындағы ҚР чемпионы (2008 ж.)

Астана қаласы

Арман ӘБЕУОВ

Бүркеншік аты: Малайсары

Салмағы: 120 келі

Бойы: 190 см

Спорттық атағы: қазақ күресінен «Қазақстан барысы» турнирінің қатысушысы (2013) , ел біріншілігінің жеңімпазы, аймақтық  «Астана қыраны» турнирінің жеңімпазы ( 2014)