Массагетке апталық шолу жасайық
жеке
блог

Массагетке апталық шолу жасайық

Достар, жексенбі қалай өтіп жатыр? Осы орайда Массагетте өткен аптада жазылған қызықты жазбаларға бір көз жүгіртіп өтейік! Foot in mouth

Осы аптада ең көп оқылған жазбалар:

Шаш өру үлгісі: Қарапайым өруді түрлендірейік!

Ұйқы алдындағы қыз күтімі

Мәдина Сәдуақасова ана атанды!

Ғашықтардың "Селам" атты дәстүрі бар екенін білесіз бе?

Тест: "Ұйқыдағы дене күйіңіз сіз туралы мәлімет береді"

Жазда ақша табудың оңай әдістері

Қыздардың туған күні мінезіне әсер етеді

Және әрине массагеттік болжамшылардың арасында қызу өтіп жатқан Әлем Чемпионаты! Иәәә, біздің болжамшыларымыз ұтысқа тігілген Айпадқа қарай батыл қадам жасауда. Әрине, сәттілік серік болсын дейміз!

Сондай-ақ Қытайдағы қандастарымыздың "Zerde" деп аталатын смартфон жасап шыққаны өткен аптаның басты жаңалықтарының бірі болды. Ал аталған елдегі тағы бір қандасымыз Қытай мемлекетінің шалқыма жанрына беретін ең жоғары сыйлығы – Би Шин әдебиет сыйлығын алды! Оның мемлекеттік сыйлыққа ие болған шығармасы да Массагеттеріңізге жарияланды. Қазақ тіліндегі эксклюзивті видеосабақтарымыз жалғасын тауып жатқанын атап өтпеске болмас. 

Блогшылар үшін "Менің астанам" байқауы басталды. Байқаудан үздік шыққандар жұлдызды блогтың иесі атанбақ!

Терезеден қағып тұрған аптада Массагет сіздерге қызықты жазбалар ұсынуды бір сәт те тоқтатпайды. Олай болса, Массагеттің мейманына мархабат! Сіздерден тұщымды пікір мен орамды ой күтеміз! 

Сурет: vk.com