Партадан басталған махаббаттың ғұмыры
жеке
блог

Партадан басталған махаббаттың ғұмыры

-          Сәлем, қалайсың?

-          Сәлем жаным. Жақсымын, өзің  қалайсың?

-          Жақсы.

-          Не істеп жатырсың?

-          Жәй, әлеуметтік желіде отырмын. Өзің ше?

-          Мен де сол сені ойлап отырмын.

Осы жерден кейін үнсіздік. Батыл қыз бірінші болып өзі жазды. (Сонда да қатты намыстанды). XXI  ғасырда қыз жігітке сөз де салып жатады ғой, - деп өзін  тыныштандырып қояды. Сүйеді оны. Бірақ «сәлем, қалайсыңнан» басқа сұрақ қоймады. Дәлірек айтқанда, сұрағысы-ақ келді. Сұрай алмады. Неге? Қалыпты жағдай. «Вконтакте» тілдескеніне де өзін сондай бақытты сезінеді. Әлеусеттік желідегі  тілдесу ғана көрінгенмен, Аружанға айтылған «жаным», «сені ойлап отырмын» деген сөздері «мен сен» сүйемін» дегендей, жарияға жар салып сезімін білдіргендей көрінеді. Қуаныштан жарылып кететін шығар, тап қазір. Әр СМС-тен кейін зыр жүгіріп билейді. Ээх, махаббат, адамды қандай беймаза күйге бөлейді.

Мамыражай жаз мезгілі. Гүл атқан бәйшешектер, көкорай белдер, жап-жасыл жапырақтар, бәрі де Аружан үшін әдемі, өзгеше, ерекше құбылыс секілді. Аспанда ұшып жүрген құстар, ағаш түбінде ойнақтап жүрген тиын,сайраған бұлбұлдың дауысы, жалпы тіршілік атаулының барлығы сондай сүйкімді. Таза ауа, әсем табиғат аясында Аружан «Мен ғашықпын!» деп айқай салғысы келеді. Шексіз қиялға беріліп, тағы да әлденені ойлап келеді. Көшеде де, қоғамдық көлікте де, достарының ортасында да, барлық жерде есінен шығарған емес, жатса-тұрса ойынан кетпейтін, ойлайтыны да, қиялдайтыны да Арман.  Ешкімге сыр ашпайтын қыз, Арман туралы да ешкімге тіс қақпады. Өзінің қуанышын, күйінішін қойын даптеріне жазып жүрді. Өмір атты кітап қой, қалай дегенменен.

Құлағына құлаққап киіп алған Аружан Нұрлан Әлімжанның «Ақ құсым» әнін тыңдап келеді. Бұл өлең тылсым табиғатпен, әуені де өзінің жан дүниесімен астасып жатқандай, жан сырын күллі жаһанға паш еткендей.

... Аялаған аяулым, аппақ құсым-ау,

    Саялаған жанымдай, тәп-тәттісің-ау.

    Арайланған жап-жарық жан шуағындай,

    Жүрегімді сен менің сақтап тұрсың-ау.

-          Шіркін, осы сөздерді Арманның өзінен естісем ғой,- деп армандап та қояды. Жүріп келе жатып оның сөздерін есіне алады, тағы ойша диалог құрып келеді. -Мен оған «былай» десем, ол маған «солай» деп жауап берсе ғой!  Бірде жымияды. «Ақ құсы» ақ арманымен үйлесіп келе ме қалай? Жанынан өткен адамдар оған біртүрлі қарайды. Әрине, бірде жымиып, бірде күліп, бірде өз өзімен күбірлеп келе жатқан қызға айналадағылар қалай қарасын?! Қалай қараса да бойжеткенге бәрібір. Жұрт оны түсіне алмас, өзгелерге түсіну қайдаа...

Жан дүниесімен арпалысып, ойы сан саққа бөлініп, қиялға беріліп үйге жеткенін жаңа ғана сезді. Үйдегі күйбең тіршілік: әкесі үлкен бөлмеде кешкі жаңалықтар басталғанша, бір шынтағымен жантайып, газет оқып жатыр, бауыры компьютер ойындарын ойнап отыр, әндетіп анасы ас үйде кешкі ас дайындап әлек. Есікті ашып, Аружан үйге кірді: «Мен келдііім!»,- деп барлығының беттерінен сүйіп шықты. Амандық сұрап, мәре-сәре болғанша, тамақ-шай дайын болды. Әкесі дастархан келіп тамақтан ауыз тимейінше ешкім бастамайтын дәстүрі бар бұл үйдің. Әкесі келіп, ырымын жасағаннан кейін, балалар үлгергенше кезек-кезек бүгінгі күннің есебін беруде, бірінен соң бірі барлығын түсіндіріп әлек. Сөйтіп отырып уақыт өтеді. Алғысын айтып, рұқсатын алып, дастарханнан тұрып, компьютерге отырады да, оның суреттерін парақтайды. Тым құрығанда сағынышын аз уақытқа басып алар. Қосымша сабағына байланысты беттерді де ашып қоюды ұмытпады, үйдегілер сезіп қоймасын деп.

«Ертең жаза ма екен, хабарласа ма екен?». Заты нәзік қыз емес пе, тәкаппар, өзі хабарласуды ар санайды. Ал ол жазған сайын жүрегі алып-ұшып алаңдап тұрады.

Он бір жылғы достықтың осындай алапат сезімге айналарын кім білген?

Бірнеше жылға татитын бірнеше мазасыз күндер, ұйқысыз түндер өтті. Аружанның көңіл-күйі бүгін ерекше. Тағатсызданып Арманмен кездесуге асығып келеді.

 ҚазҰУ қалашығы. Бұлтты күн де кедергі келтірмек емес. Аружан тағы қиялдап келеді. («Қазір ол маған шоқ гүлдер беретін шығар). Алыстан орындықта отырған Арманды көрді. Жақындай келе аңдаса, Арман дегбірсізденіп,мазасызданып отыр. Аружан жанына келіп:

-          Бәрі дұрыс па? Неге мазаң қашты?

-          Аружан, білесің бе? Мүндай сезімді сезінем деп ойламаппын.- Аружанның көзі бал-бұл жайнап сала берді. – Жүрегім кеудемнен ыршып түсетін шықар, тап қазір. Аружан!,-деді оның қолынан ұстап алып. Мына сөздерді естігеннен кейін Арманның емес, Аружанның жүрегі ыршып түсердей. Қуанышы көзінен көрініп тұр, қатты қобалжыды. Үміт оты жанғандай болды.

-          Аружан, мен ғашықпын! Ессіз ғашықпын, сенесің бе? О, Салтанат! Не деген сұлу еді, көркем еді, қарапайым, биязы. Мен оны сүйіп қалдым. Аружан, бүгін оған сөз салсам деп отырмын. Сен менің жақын досымсың ғой. Саған айтып, қуанышымды бөлісейін деп шақырдым. Бірдеңе деші өтінемін.

Аружан дел-сал күйде, не істерін, не айтарын білмей қалды. Жүрегіне қанжар қадағандай күйде, сасқанынан ба, жыларман күйде тұрса да білдіргісі келмей:

-          А-а-Арман. Білемін, махаббат – тентек сезім. Жарайсың, ол жақсы қыз. Дұрыс шешім қабылдаған секілдісің!, - деді.

-          Иә, Аружан. Махаббат – сезімдердің тентегі. Жүрегім кеудеме сыймай барады. Мен жүрейін. Рахмет, Аружан. Рахмет саған!

-          Жақсы, жолыңнан қалма. Сау бол! (Қош, менің алғашқы махаббатым), көзінен парша-парша жас көл болып ақты. Тамағына тас тіреліп, өксігін баса алмай жылады. Көз жасын сүртіп болып, өзіне: - Жоқ, Аружан! Енді жылауға болмайды. Есіңді жый, басыңды көтер, сабаңа түс! Сен мықтысың! Мүмкін, Арманмен бірге болуды саған жазбаған шығар. Ол өзін осылай жұбатты да, үйіне қайтты. Жүрегі ауырса да, қиналса да оны ұмыту керек. Жүректегі махаббат оңай ұмытылмас, алайда. Өмір барлығына үйретеді: көнуге, төзуге, күресуге, біреуге жақсылық жасауға.

Аружан өзінің қойын даптерінің соңғы бетіне мынандай бір шумақ өлең жазып, сол даптерді өзінің архивіне салып тастады:

Өмір жолы сан түрлі ғой бұралаң,

Тағдырымнан артық бақыт сұраман.

Бақытты бол басқа жанмен болса да,

Аман жүрші мен сүйетін бір адам.

Ендіі... Өмірдің жаңа парақтарын ашу керек. Таза парақтарын...