Құшағыңды аш, Massaget.kz!

Құшағыңды аш, Massaget.kz!
жеке
блог

Ал, ассалаумағалейкүм, қазақ жастары! Қазақ өнерінің жанашыр жастары жиналған сайтқа біз де тіркелдік. Менің есімім – Рафхат. 1990 жылы Маңғыстау облысы Шетпе кентінде дүниеге келгенмін. №6 орта мектепте, кейін Ақтау қаласындағы мектепте оқыдым. Сол қалада музыкалық колледжді аяқтаған соң Алматыға келіп, Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын күні кеше ғаша бітіріп, диплом алдым.

Егер осы сайттағы сұхбатты оқыған болсаңыздар, Қанат, Есбол, Ернар деген бауырларыммен бірге «Шарапат» деген топ құрдық. The Spirit of Tengri фестивалінде тұңғыш рет сахнаға электрожетігенді алып шыққан болатынбыз. Енді, өзімнің жеке де, топтағы да жаңалығымды осында сіздермен бөлісіп отырмақпын.

 

Әзірге блог жазуды үйреніп жатырмын. Сіздер секілді блогер болып ысылып алғанша қолдауларыңыз бен көмектеріңізге мұқтажбын. Барлығыңызға рақмет! Мен болдым!