Капучи (жалғасы)
жеке
блог

Капучи (жалғасы)

Капучи (жалғасы)

Ауылға кіре , Клубқа тарттық. Клубтың ішінде адам қарасы көп. «Родной ребенок» деген үнді фильмі қойылып жатыр екен. Есікте тұрған Гүлнар апай билет тексеріп болып есікті жапқалы жатыр екен. Жүгіре келген бізді көріп – Болыңдар ей , балалар – деп айғайлады. Билетіміз жоқ біз, – Апа кіргізіп жіберіңізші , билетті төлей салайық – дедік. – Өй , өңкей шешек ,тез кір ,- деді. Ана екеуі кіріп кетті де мен қалып қалдым , енді кіре бергенімде – Өй , билетті кім төлейді , - мен дедім – де  5 сомдықтың бірнешеуін ұстата салдым. – Өй албасты , мұнша ақшаны қайдан алдың ,  тез кір – деді. Кіре Азамат пен Биконы іздедім. Артқы қатарлардың біріне жайғасқа екеуі мені қол бұлғап шақырып алды. Кино басталып кетіпті. Бұрын киноға , әсіресе клубта болмаған мен үшін керемет еді , киноның ең қызық жеріне келгенде,  жарық жағылып есіктен Жарылқасын учасковый мен тағы бір милиция кіріп келді. Жаным мұрнымның ұшына келді. Сасқанымнан , Биконы ұстап жібермей қойыппын , ол байғұс болса мені сүйрей – мүйрей , орындықтардың арасымен еңкейіп есікке қарай қашып келеміз. Әбүйір болғанда екінші есік ашық екен содан қашып шықтық.

Далаға шыға сала ,  Азамат шап беріп ұстап алды , екумізде зәре қалмаған , - Аға жіберіңізші – деппіз қосарлана.  – Өй ,  су жүрек қорқақтар , жүр бері – деп сүйрей жөнелді , тағы да қашу , ауылдың сыртындағы тоғайға қарай зытып барамыз. Тоғай ішінен Текес өзенін қиып өтіп бозқарағандардың арасына барып бірақ тоқтадық , не болып кеткенін бір – бірімізге айтып жатырмыз.

-         Жарылқасынды көрдің бе ,  явно бізді іздеп жүр! – деді Азамат.

-        Ия – деп қояды Бико.

– Не істейміз.

                – Не істеуші едік ,  Алматыға қашу керек.

 – Мені папам өлтіреді – деді бір кезде Бико.

 – Өй мола ,  папаңнан бұрын Жарылқасын түрмеде шірітетді ,

 Менде мүлдем зәре қалмады , дүние астаң – кестең , аяғымнан жан кетіп отыра кеттім.  

-        Құрыдық , тошна сотталамыз.

-        Өй оттама қашып кетеміз , бізді таппайды , Алматы дәәәу қала , іздесін , қай бұрышынан табар екен , болды шешілді , таң ата кетеміз қалаға. Қаптаған бозқарағанның арасына жантая кетістік.

 

***

 

 Таң , ИКАРУС автобуысының іші тола адам , кіре сала Азамат әдетінше , орыс жүргізушіге қарап – Әкеңнің басы аққұлақ – деп амандасты. – Здрәсти – деп анау да риза. Біз мәзбіз. Колхоздың картошкасын түптеуге барғанда , осындай Автобустармен апарады , жүргізушілері ылғи орыс. Біз де , қазақша қақпайтын орыстармен ылғи осылай амандасамыз , кейде қол беріп – Шешеңді ...! – деп айтамыз , олар сонда да мәз. Өзіміздің қашып бара жатқанымыз ойдан шығып кеткен біраз күлісіп алдық та , автобустың арт жағынан орын тауып отырып алдық.

       Мен әр нені ойлап келем , әкемді қойшы , әкірендік , жұмысына кетеді келеді , менің үйде бар жоғым оны қызықтырмайды да ,  үй шаруасымен ісі жоқ , мені іздеп шарқ ұрып Абайдікіне немес Білдебайдікіне барды ма екен , Бико мен Азамат үшеуміз айырылмас дос екенімізді біледі ғой,  мүмкін сабақта деп ойлап , үйде отырған шығар , жоқ мектептен іздетіп шу болып жатыр ма ,  шешем қайтпек суды қалай әкеледі , сиырдың алдынан кім шығады , мен болсам мынау , Алматыға қашып барам. Байғұс шешем – ай , ол кісі жылайтын болды – ау. Бәрі құрысын Мектептен , әсіресе Баян тәтиден , математикадан беретін Тұрсынбүбі тәтиден құтылғаныма ризамын. Мейлі не болса сол болсын, көрерміз.

-         Өй , мынау өліп қалған ба? – деп , Азаматтың жұлқылап жатқанынан оянып кеттім.

-         Тұр ей , әкеңнің үйінде жатқандай жатырсын ғой , тамақ ішеміз.

-        Қайдамыз ,

-        Қайдасы несі ! Байсейтте!

-        Қашан жетеміз.

-        Білмейм , жүр тез казір ашханада орын қалмай қалады – деді да – Ананы қара , үйғырларша Ашхана екен – деп күліп жатыр , Асхана маңдайшасына үлкен қылып Ашхана деп жазылған екен , мен де мырс еттім да қойдым. Байсейт біздің Текестің қасында қала екен , үлкен базары бар , жол бойын қаптаған терек , неше түрлі көліктер зытқып жүр. Естігенім болмаса бұрын соңды көрмеп ем , қызыға қарап келем. Тамақтанып болып автобусқа қайта отырдық , Азамат тым көңілді , орысқа қарап,

-        Әй Аққұлақ спасибі – деп қояды. Анау да бас шұлғып бірдеңе деп жатыр. Қойшы не керек , Алматысына да жеттік – ау.

-        Ей Капучи сен бұрын қала көрмеп ең ғой , Саяхат деген осы. Біз Бико екеуміз талай болғанбыз , ата анамыз әкелген , сен әкірендіктің баласысың , сен қайдан көресің , иә Бико – деп күліп қояды.

-        Иә !

Күн ыстық екен мен  жан – жағыма қарап аңтарылып келем , қалтадағы ақшаға қыдырмақ болдық.

-        Ей , сенде қанша қалды – деді Азамат. Мен бір бума қызыл ақшаны көрсеттім , Азамат алды да , әлдененедеп күбірлеп есептеп алды да ,

-        Жетеді екен , айда тарт зоопаркке – деді. Такси тоқтатып алдық та , зоопарк деп тартып отырдық. Кірген соң неше түрлы аңдарды көрдік. Тек телзеберден көретін аңдарың толып тұр , тіпті ыстық жақта өмір сүретін Піл мен Жирафта бар екен. Кешке дейін зоопаркті аралаумен жүрдік. Кешке бір асханадан тамақтанып алдық та , қонақ үй іздеп кеттік , бір қонақ үй кіргізбейді , құжат сұрайды немесе ата-анаңмен кел дейді , содан не керек , Саяхатты төңіректеп жүріп бір кемпірмен сөйлесіп қап , әрең дегенде квартирасына кіргізді , сонда қонатын болдық, Азаматтың таппайтыны жоқ , қайдан тапқанын білмеймін квартираға келген соң ,

-         Опа – деп , қойынынан қызыл арақ шығарды. Бико екуміз аң – таң.  

-        Андағыны ішеміз ба не? – деп мен қарап тұрсам.

-        Өй мола , ішпегенде ше ! жоқ сен қорқасың ба ? Кім қораз ? – деп , қолын созып тұра қалды. (бала кезде солай етуші ек қой.)

-        Мен Қораз – деп Бико бірінші қойып үлгерді.

-        Мен – деп , мен де қойуыма тура келді.

-        Әне сөйтпей ма екен , Біз «Үш мушкетермыз» - деп , әдеттегідей «Біріміз бәріміз үшін , бәріміз біріміз үшін» дедік жамырай.  Сонымен үш дос отырып ап іштік дейсің ғой. Мен есім кіресілі шығасы, үшеуміз құшақтасып ап көшеде келеміз , арасында айқайлап қоямыз «Біріміз бәріміз үшін , бәріміз біріміз үшін» , сөйтіп теңселіп жүріп таңды көшеде атырдық. Көзімді ашсам , күн шақырайып төбемнен ұрып тұр , ауызым кеуіп шөлдеп барам , жан-жағыма қарасам , Азамат пен Бико менен әріректе жатыр екен , басым көтертер емес , еңбектеп барып Азаматты ояттым , ол да өліп жатса керек,

-         Су бар ма? – деді.

-         Іқы – деп мен басымды шайқадым.

-        Қой су табайық , қайдамыз – деді ол жан – жағына қарап ,мен иығымды қиқаң еткіздім.  

-        Ананы тұрғыз ,  дүкен табайық – деп Биконы нұсқады. Қаланың сыр жағы қай жақ екенін де білмейміз , әйтеуір жүріп келеміз , дүкен табу мұң болып барады. Бір ауыл ма бір жерге келдік те , бір көшенің юойымен жүрып келе жатқанымызда , Бико ,

-        Сууу ! – деп жүгіре жөнелді , қайда екенін көрмесемде мен де артынан жүгіріп келем , жолда тұрған колонкаға , жасмырап келген қойларша бас қойдық , су ағып тұрған шүмектің екі жағынан Бико екуміз сіміріп жатырмыз , шөл қанды ау дегенде бірақ тоқтадық.

-        Оррр-мааа-ноооввв көөө-шшш-ее-сіі – деп ежіктей оқыған Азамат  ,

-        Саяхат алда , әлі біраз жүреміз – деді , мен аң – таңмын ,

-        Осы сен қайдан білесің ей ? Саяхат қайда екенін – дедім , ол болса ,

-        Мұрыныма пирашкидің иісі келіп тұр , демек алдыда – деді , қарқылдай күліп , шөл қанған соң Саяхат қайдасың деп Азамат нұсқаған жаққа тартып отырдық. Азамат пен Бико алда келе жатыр , өздері бірдеңе айтып келеді , ара – тұра маған қарап қояды , мен мән бермеппін , кейін білдім ғой Саяхатқа келген соң. Саяхатқа келе Азамат мендегі бар ақшаны алды да,

-        Осында отырыңдар мен казір , - деп кетіп қалды  , Бико екуміз отырмыз , қайта келді да маған екі пирашки мен бір бөтелке Лимонад ұстатты да ,

-        Отыра тұр біз бико екеуміз тағы алып келейік , қолыма симады , - деп Биконы алып кетіп қалды. Содан мен әлгілерді жеп , ішіп оларды кешке дейін күттім , әне келіп қалады , міне келіп қаладымен кеш те батуға шақ қалды, қой бүйтіп отыра бергенше іздеп келейін деп мен де кеттім , түн ауғанша іздедім , таппадым. Содан көзімің жасын көлдетіп жылап келе жатып бір теректің түбіндегі скамейкаға отыра кеттім де , одан ары өкіріп жылап жібердім.

Көзімді ашсам таң атып кетіпті , күн жаңа шығып келеді екен , орнымнан тұрып қалып ем , табаныма бірдеңе батып кетіп қайта отырып қалдым , қарасам аяғымдағы , анада детский мирдан киген кроссвкам жоқ , ішім удай ашып кетті , жап – жаңа еді ғой , қап әй а , енді қайттім , ер жігітпін ғой не  болса да көрерміз деп , Азаматтарды іздеуге қайта шықтым , жалаң аяқ , табаннан өткен таңғы сызға да қарамай , кешегі Азамат күт деген жерге қайта келдім , олар жоқ , жылағым келді  ,

-         «Біріміз бәріміз үшін , бәріміз біріміз үшін» , - деп күбірлеп қоям , олар қайда , шынымен мені тастап кетті ма сонда , жоооқ , мүмкін емес , біз доспыз ғой , олай істемейді –деп қоям іштей , өз ойымнан өзім қорқа. Таң атып , күн көтеріліп Саяхатта адам қарасы көбейіп келеді , қарадым да отырдым , қызық тап бір құмырсқаның илеуі дерсің , біреу жүгіріп жүр , біреу отыр , енді біреулер күлісіп , әйтеуір абыр-сабыр болып жатыр , түс ауа қарын да аша бастады , Азаматтар жоқ , енді не істесем деп мен Саяхатты төңіректеп жүрсем , бір аға темір жәшіктен қарбыз алып жеп тұр , қасына жетіп бардым , ол маған қарап ,

-        Әәә ! қарның ашты ма ? мә же  - деп , кір-кір қолымен бір сындырып берді. Жиіркеніп тұрсамда , қарын ашып тұрған соң жей бастадым , басында біртүрлі дәмі бар еді кейіннен сезілмей кетті , жеп бола ана аға ,

-        Бала көшеде негып қалдың  әкең алқаш па ? – деп сұрады , мен басымды шайқадым , ол ,

-        Онда шешең алқаш боды ғой – деді , мен тағы басымды шайқадым , ол ,

-        Онда неғып жүрсің , жалаң аяқ , мектеп киіммен , - деді , мен болған жайды айттым , тек «Детский мир» мен Жарылқасыннан қашып келгенімді айтпадым , оның орнына қыдыруға келіп ек дей салдым.

-        Достарың кешелі бері жоқ па сонда ? , мен ,

-        Таңнан бері , кешегі – дедім ,

-        Өй олар ауылыңа кетіп қалған шығар -  деді ,мен болсам ,

-        Жоооқ олар мені тастамайды , кетсек бірге кетеміз , біз үш мушкетермыз «Біріміз бәріміз үшін , бәріміз біріміз үшін» - деп едім , ана аға күлкіге қарық болды да қалды ,

-        Өй ақымақ , өзің топас екенсің ғой , ах-ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха – деп шиқылдап барып тоқтады да ,

-        Аздан соң кеш батады ,  далада қалсаң кешке осында кел , тек көз байланып қалған уақытта кел , ұқтың ба? , уш мушкетер ах-ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха-ха , ал күт достарыңды , онда – деді де кетіп қалды , мен бағанағы орныма қайта келдім , Азаматтардың қарасы да көрінбейді. Тағы да кешті батырдым , түн батқан соң , бағанағы аға айтқа жерге келдім , ешкім жоқ сосын , бір картон қағазға отыр кеттім , шынымен – ақ мені тастап кеткен екен ,  жоқ басқалай жағдай болды  ма , жооқ не болады оларға , деп өз ойыммен арпалыста отырғанымда ,

-        Келдің бе бала – деген дауыстан ыршып түстім ,

-        Қорықпа , бұл мен ғой – деп бағанағы ағам келіп тұр ,

-        Дұрыс істегенсің , осында келгенің , далада қалған киіміңді тонатар едің ,  мұнда ешкім келмейді , бәрі біледі менің үйім екенін – деді ,

-        Менің үйім ! қайдағы үй мынау дала ғой – десем , анау

-        Еееее ! Менікі ғой , бастысы сол , үй ма , дала ма , әйтеуір бір пана жер ғой  , сол күйі үнсіз қалдық.

 

***

 

Ояна келсем , таң , далада атырған үшінші таң , не болса сол болсын , ауылға кетем ,  бүйтіп қаңғып өлгенше , сотталып кетіп , жылы түрмеде жатқан артық – деп ойладым да , Саяхатқа қайта келдім , ауылға баратын автобустарды іздеп жүрдім , кілең орыс , бір ауыз орысша білмейтін мен не деп сұрарымды білмейм , ең болмаса ауылға ала кет деп орысша айта да алмаймын ғой , сол кезде , қап ай ә ! орыс тілін бекер ақ оқымаптым , Баян тәти орысша оқы , қалаға барсаң керек болады , дегені рас екен ғой , мен сорлы түк білмейм. Кейде ұрысқанда басымнан , указкамен нұқып – нұқып  - Ей Капучи қалаға барсаң сен аш қаласың , ең болмаса нан сұрауды үйреніп алсаңшы -  деген соң ,мен де - «Дай хлеп» - ті білетінмін , одан басқа мақрұм едім , енді қайттім дер тұрғанда , таныс әріптерді жапсырған үлкен Икарус кеп тоқтап жатты , жалма - жан ежіктеп оқи бастадым – Наа-ррр-ыынн-қолллл , - қуанып кеттім , біз жақ қой , не де болса отырып алайын деп жүгіре кіріп келдім , жүргізуші орыс маған аңтарылып қарап қапты , зып беріп артына өтіп үлгерген маған бірдеңе деп жатыр , мен мән бермеген күйде , артына бірақ өтіп отра кеттім , ол болса енді автобустың арт жағына өтіп , маған жақындап келіп бірдеңелер айтып , қолымнан ұстап автобустың алдына қарай сүйрей жөнелді , мен барымша тартынып , еңіреп жылап қоя бердім , ол сүйреп келеді , есікке тақап қалғанда , бір қазақ кісі кіріп келді , орыс тоқтай қалып анаған артына өтуге жол берді ,мені жібермеген күйі , ана кісі өтпес бұрын жылап тұрған маған бір қарап алды да , ана орыспен сөйлесті де , маған қарап ,

-        Билетің бар ма? Неғып кірдің , қайда барасың , аяқ киімің қайда – деп сұрақты жаудырды, мен қолымнан келгенше айтып жаттым , сөзімнен Текеске баратынымды білген соң , орысқа ақша ұстатты да мені қолымнан жетектеп автобустың артына жетектеп әкеліп қасына отырғызды ,   автобус орнынан қозғалғанша мен өксігімді баса алмай отырдым да , автобус қозғалғанда барып сабама түстім ау ,

-        Аға Сіз қайда барасыз – дедім, ол ,

-        Нарынқолға ,

-        Мен үшін неге ақша төледіңіз.

-        Енді қазақтың баласын , ана орыс жылатып жатса қайтпекпін , араша керек , оның үстіне өзіміз жақтың баласы екенсің , кімнің баласысың Текесте.

-        Тұяқбайдың ,

-        Қай Тұяқбай.

-        Әкірендік , загатзернодағы.

-        Білмейді екем , бұрыннан тұрасыңдар ма?

-        Иә , мен туылғалы ,

-        Сен қашан туылдың 79 жылы ,

-        Мммм , жөн екен. Ал ұйықта ауылға дейін жол алыс.

-        Аға !

-        Ә!

-        Рахмет!

-        Ееее ештеңе етпес ,

Мен іштей қуанып келем , ауылыма барам ,  анама барам , аяулы менің анам ай , не деймін саған жеткен соң , не деп ақталам , әй не болса сол баолсын , ұрыссаң да , ұрсаң да көндім , ең бастысы саған барам. Мама!

Ауылға кіріп келе жатқанда мені оятқан бағанағы аға ,

-        Ей балақай , үйің қайда , өтіп кетпе – деп оятып тұр екен. Жаңа-Текестен өтіп бара жатқан автобустың алдына қарай жүгіре жөнелдім.

-        Ертістен түсем – деп , (РТС – қой біз ауылда осылай дейміз).Автобус айтқан жеріме тоқтады , Мен түсе сала үйге қарай жүгіре жөнелдім , есік алдында кір жуып отырған мамамды көргенде өкіріп жылап жібердім , жылай жүгіріп келем , мамам да көрді кемсеңдеп кеп мені құшақтап алды да ,

-        Ботам ау қайда жүрсің , 4 күннен бері таппадық қой , амансың ба ? қайда болдың , ауданнан милицияда іздеп жүр – дегенде , мен ыршып түстім ,

-        Не милиция , не дейді , Қастарында Жарылқасында бар ма ? - дедім ,

-        Иә ! несіне сұрадың , енді учасковой болған соң жүреді да ! әкеңді де тергеді бала қайда , неғып үйден кетіп қалды , сен ұрған жоқсың ба ? – деп. Біткен жерім осы екен деп менде жан қалмады.

-        Сонда өздері іздеп келді ма ?

-        Жоқ ! Біз арызданып бардық  , сен жоғалған күннің ертесі , екінші күні Абайдікіне барсам жоқсың , Білдебайдікіне барсам жоқсың , ана достарың да жоқ , сосын бірге жүрген шығар десек , ушінші күні ана екеуі келді де , сен жоқсың , сұрасақ көрмедік дейді , сосын шарқ ұрып мен учасковойға бардым , ол ауданнан милиция шақырды , қысқасы сені іздедік қой , сен қайда болдың – деп тоқтады ,

-        Мен , мен Алматыда.

-        Не дейді Алматыда! Өй онда не жоғалттың. Мен бәрін айттым , тек тағы да «Детский мир» мен Жарылқасынды айтпадым , Азамат мен Бико үшеуміз Алматыға қыдыруға бардық – дегенде.

-        Ах ! оңбағандар , олар сені көрмедік деді ғой , өздері сені қаңғытып тасатап кетіп , мен көрсетем оларға , - деп аула есігінен шыға жөнелді , мен алдын кес-кестеп тұра қалғанымда.

-        Сен не оларды қорғаштап , оңбаған – деп мені шапалақпен тартып – тартып жіберді де , менің боздап қалғаныма қарамастан , шығып кетті. Болары болды ,  ауылдың білдей бір педиатрының баласы Бико мен , РТС – тің инженерінің баласы Азамат та менімен бірге таяқ жеді. Ол аздай , баяғыдан көрші тұратын ата – аналарымыз да ұрсысып тынды. Кеште мен әкемнен тағы таяқ жедім. Мектепке клген соң , Азаматтар маған жаман қарап,

-        Сатқын  -  деп жүрді. Мен олармен дос болмайтын болдым. Сонда ол кезде бала екенбіз ғой , «Сатқын» десе кәдімгідей қысылып жүреді екем , өсе келе ойласам , мен емес олар екен ғой нағыз «Сатқын» , мені алдап Алматыға қаңғытып тастап кеткен солар емес па еді , онда мен неге сатқын боламын , жоооқ нағыс сатқын солар екен. Абырой болғанда «Детский мирды »  тонап кеткеніміз ашылып қалмай , сотталып кетпей аман қалдық  әйтеуір , соған қуанам , Біз клубтан қашқан күні Жарылқасын бізді іздемепті , ол өзі киноның тыныш өтуін қарап келген екен ғой , біз көлеңкемізден қорқып қашқан екенбіз. Сөйтіп «Детский мирдың» арқасында Алматыны көріп қайтқам , ал кәзір барғым келмейді , маған сол сапар бүкіл өміріме жетті. Енді бармаспын , одан да , осы сиырларымды бағып жүре бергенім жақсы.

-        Айтпақшы Капучи сенің шын атың кім осы – дедім мен.

-        Жасұлан !

-        Әп әдемі атың бар екен ғой , неге Капучи деп атайды.

-        Ол туралы кейін айтып берем , ал кәзір сиырлар ұзап кетті , қайтарып ауылға айдап шығайын , әйтпесе жаяу мен барғанша қараңғы боп кетеді – деді да , қолына ұзын таяғын алып сиырларды бағытқа алып жүгіре жөнелді , жүгіріп бара жатқанда ол маған , қолында Сүңгі , құдды бір Пілге шабуылдап бара жатқандай , денесі күнге күйіп қап – қара , шашы жуылмағаннан бұйраланып кеткен , бұтында жабысып қалған шортиктан басқа ештеңе жоқ Африкалық адамдарға ұқсап кетті , мырс етіп күлдім де ,

-        Әй Капучи , арнайы қой кезекке сұранам , сені неге Капучи атағанын білу үшін – деп күбірлеп , атыма қарай мен де кете бердім. Қой да ұзап кеткен екен , иіріп ап , мен де ауылға қарай қайтайын дедім.