Мундиальдардағы естен кетпес «хет-трик» тер
жеке
блог

Мундиальдардағы естен кетпес «хет-трик» тер

Германия –Португалия кездесуінде соғылған  «хет трик» 2014 жылғы әлем чемпионатындағы ең алғашқы  «хет-трик»  болып тарих беттеріне қатталды. Сіздердің назарларыңызға мундиальдар тарихында ең естен кетпес  «хет-трик»тер  Топ-5  ігін ұсынамыз:

5. Игор Беланов (ӘЧ-1986) 1/8 финал. СССР-Белгия 3:4

Кеңестер Одағы құрамасының ең үздік шабуылшысы  Игор Беланов Белгия ұлттық құрамасының қақпасын  үш рет анық межеге алып  «хет-трик»ке қол жеткізген. Бірақ, футболшының сол еңбегі де оның құрамасына еш пайдасын тигізбеген.. . Солай болса да, сол жылы  Игор Еуропаның  ең үздік футболшысы деп танылып , «Алтын доп»пен марапатталған...

4. Томас Мюллер (ӘЧ-2014) топтық бәсеке.  Германия – Португалия 4:0

Томас 2014 жылғы мундиальды  фантастик тәрізде бастады. Португалия ұлттық құрамасының қақпасын анық үш рет нысанаға алған  Мюллер әлем  чемпионаттары  тарихына өз есімін жаздырып қойды...  . «Неміс машинасы» сол күні расында да  португалдарды алаңда көрмей қалды...

3. Леонидас (ӘЧ-1938) 1/8 финал. Бразилия-Польша 6:5

Бразилиялық фанаттар Леонидасты  Пеле заманы басталмастан алдын  Бразилияның  ең үздік футболшысы ретінде тән алған еді.  Леонидас 1938 жылғы әлем  чемпионатында  расында да «жұлдыз»ға айналып кетті.  Оның соққан 8 голы «сары дәу»лерге  «бронза» медальін сыйлады.... Полшаға қарсы ойынның негізгі уақыты  4:4 есебімен аяқталды. Қосымша  таймдарда  Леонидас және 2  гол соғып, кездесудегі  «хет-трик»ін тойлайды. Сол күні  поляктар құрамындағы  Валимовский «покер» егесіне айналғанын да атап өткен жөн...

2. Паола Росси (ӘЧ-1982) топтық кезең. Италия-Бразилия 3:2

ӘЧ-82 де Зико жетекшілігіндегі  Бразилия фаворит есебінде ойындарды бастаған еді. Бірақ  Паола Росси бразилиялықтардың  4-чемпиондық  арманына нүкте қоя алды. Осы кездесудің жеңімпазы жартылай финалға жол алатын... сол үшінде ойын жоғары дәрежеде өтті. Росси соққан  3 гол Италия құрамасының жартылай финалға шығуына жеткілікі болды. Солай етіп қалған ойындарда  3  голға авторлық еткен  Паола құрамасымен әлем  чемпионына айналды.

1. Жеффри Херст (ӘЧ-1966) Финал. Англия-Германия 4:2

Әлем  чемпионаттарында Херст соққан  «хет-трик» қайталанбайтын шығар. Футбол отанында өткен  мундиальда ағылшындар  финалға шығып, ақтық сында  ГФР құрамасына қарсы ойнайды.  Негізгі уақыт  2:2 есебімен аяқталады. Қосымша уақыттарда болса  Херст нағыз қаҺарманға айналды. Ол және  2 гол соғып «хет-трик» егесіне айналды... және  Англия өз тарихындағы жалғыз чемпиондыққа еріседі... .