Футбол – бұл өмір және өз - өзінен жеңіліс өлім

Футбол – бұл өмір және өз - өзінен жеңіліс өлім
жеке
блог

Футбол – миллиондар  ойыны. Әлем  чемпионаты болса күллі әлемде ең көп тамашаланатын турнир саналады. Ең өкініштісі, сол футболға жан тәнімен берілген қаншама қанша жанкүйерлер өзінің сүйікті командасының жеңілісінен соң өз өзіне қол жұмсау фактлерінің кездесетіндігі... Солай екен бұл блогта мундиал уақытында фанатизм нәтижесінде өмірден озған жанкүйерлер туралы сөз қозғағанды жөн көрдік...

10. ӘЧ-2002 де Туркиялық  Умит Даваланың  өзіндік стильге еге шашы жастар арасында ең көп тараған үлгіге айналды. Бірақ,  Давалаға еліктеген  13 жасар Жафер үшін, еліктеу оның өмірінің соңғы нүктесін қойды. Жемлик қаласында жасайтын бұл бала шашын  Умит секілді «әтеш айдар» етіп алдырып тастайды. Ұлының көрінісі ұнамаған әкесі, қайта барып шашын тегіс алдырып келуді талап етеді...  . Бірақ әкесінің бұл сөзінен кейін  Жафер өзін өзі асып тастаған.

9. 1970 жылы Мексика астанасы – Мехикода өткен әлем чемпионаты уақытында Мексика түрмелерінің бірінде өлім жазасына кесілген қылмыскер ең соңғы өтініші – жазасын 3 аптаға кешіктіруін сұрады. Ол чемпионатты соңына дейін тамашалап, кейін өлімді қарсы алуға дайын екендігін айтады. Түрме басшылығы футбол жанкүйерінің соңғы өтінішіне құрметпен қарайды. Ех,соңғы өтініші өз басына жететін ол кезде сезбеген еді… Қаншалықты  күшке еге болса да қылмыскер сүйікті командасының жеңілісін көтере алмайды, жүрек ұстамасынан өмірден озады...

8. 1970 жылы Мексикада өткен чемпионат италиялық танымал жазушы Лев Кастиля үшін ең соңғысы болды. Кастиля теледидар алдында отырып финал ойынын тамашалау уақытында Италия құрамасының Бразилиядан жеңілгенін көтере алмай қайтыс болады.

7. ӘЧ-98 де Руминия ұлттық құрамасының  1/8 финалға шығуын Бухарест қаласы тұрғындары бір күн, бір түн тойлайды. Көшелер әуелеген әсем әуенге, мың бұралған биге және бұл қуанышты тойлаушыларға толып кетеді.    Бірақ, бұл қуаныш құрбандықсыз соңына жетіп бармады. 19 жасар футбол жанкүйері қуанышынан өте көп мөлшерде  спиртті ішімдік пайлаланғандығы нәтижесінде уланып, емханада өмірімен қош айтысады.

6. 2006 жылы Германияда ұйымдастырылған әлем  чемпионатының көрсетілімдері уақытында 11 қытайлық жанкүйер жүрек талмасымен өмірден озған. Чемпионат аяқталған соң елуге жуық кісі командасының жеңілісінен қатты әсерленіп, жүректері ұстап бұл жалғанмен қоштасқан.

5. Сенегалда ӘЧ-2010 кездесулерінің бірінің, анығырағы Уругвай-Корея ойыны (2:1) уақытында 11 фанат қайтыс болған. Футбол жанкүйерлері үйлерінің бірінің балконына жиналып, экраннан футболды тамашалап тұрған болатын. Өте ауыр салмақты көтере алмаған балкон құлап кетеді.... Нәтижесінде 11 фанат қайтпас сапарға аттанып кетті...

 4. Гаитиде ӘЧ-2010 уақытында келеңсіз оқиға тіркеледі. Порт-о-Перенс қаласында Бразилия-Голландия кездесуінен соң, сүйікті тобы Бразилияның  жеңілісіне шыдай алмаған 18 жастағы фанат өзін көлік астына тастап жан тапсырады.

3. Кейде футболға болған шексіз махаббат аянышты жағыдайлармен аяқталады. Техастық  27 жастағы Ектор Кастро фанаттық шекарасын білмегендерден бірі . ӘЧ-2010 шеңберінде  Гана-АҚШ кездесуін өз үйінде  теледидар арқылы тамашалаған жанкүйер  өзін өзі ұстай алмауы нәтижесінде қызының өліміне себепкер болған. АҚШ құрама командасының ойынын қыл үстінде отырып тамашалағандай күйде болған фанат қызының тоқтаусыз жылауынан безер болып, оны таяқтайды. Нәтижесінде қызының белі сынып кетеді. Техас полициясы тарқатқан мәліметке сүйенсек, қыз белі сынғаннан емес, тамағына метал бұйымы тіреліп қалуы нәтижесінде өлген екен...  өкініштісі оның жылауын әдеттегі жағыдай деп есептеген әке, үлкен қателікке жол қояды. Оның үстіне, оны өзі «тәртіпке шақырмақшы» болған. Перзентінен айырылуы аздық еткендей, біраз жылға сотталып та кетеді...

2. 1970 жылы  Бразилия ұлттық құрамасының жетекшісі  Карлос Алберто «Алтын кубог»ты өмірлік сақтау үшін қабылдап алады. Осындай тарихи күнде Бразилия халқы қуанышпенен жасады. Рио-де-Жанейроның бір миллионнан астам тұрғыны  чемпиондарды салтанатты түрде күтіп алуға шығады. Осындай үлкен тығылыста  73 кісі қайтыс болып, 2 мыңнан астамы жарақаттанады. Мереке өз жалғасын таба береді...

1. Бразилияда футбол – бұл өмір және өз өзінен жеңіліс өлім. Сол үшінде құраманың көптеген жеңілістерінен соң  фанаттар арасында өлім көрсеткіші жиілеп кетеді.  Мұның кулминацион нүктесі  1950 жылға туры келеді. Чемпионаттың Бразилияда өтуін есепке алған фанаттар өздерін тек жеңіске сендіреді. «Маракана»га жиналған  200 мыңға жуық фанат (бұл рекорд көрсеткіш) «шок» қа түскенін елестету қиын емес.... Енді олардың ең сүйікті командалары, тағы, соңғы минуттарда уругвайга жеңісті сыйлаған еді.  Нәтижесінде 3 мыңнан астам фанат өз өзіне қол жұмсаған...