Сіз кімсіз, Дина ханым?
жеке
блог

Сіз кімсіз, Дина ханым?

Төрт күнгі болжамдар бәйгесі нәтижесінің қорытындысында 21 ұпаймен Дина Санатовна есімді ару көш бастады. Қатысушылардың көбісі көшбасшыны танығысы келеді. Жаңа ғана Динамен болған қысқа тілдесудің арқасында аз-кем ақпараттармен қанықтым. Таныс бола отырыңыздар.


- Сәлеметсіз бе! Өзіңізді таныстыра отырсаңыз? 

- Мен 1996 жылы 17 мамырда Алматы қаласында дүниеге келгенмін. Қазіргі таңда Алматы Технологиялық Университетінде оқимын. Бірінші курсты бітірдім.

Футболға қызығасыз ба? Қызықсаңыз, неше жастан бастап қызықтыңыз? Болжамды қалай жасап отырсыз? Жоқ, әлде сәйкестік пе?

- Футболға қызықпағанмын онша. Тек Криштиану Роналдуды ғана білем. Әлем чемпионаты болған соң қызыққанмын. Массагетті окып, футбол туралы болжамдар бәйгесіне қатысып көруді жөн санадым. Болжамдарымның дұрыс шығып жатқаны, мүмкин сәйкестік шығар...


- Массагетке қанша уақыттан бері кіріп тұрасыз? Тұрақты оқырмансыз ба?

- Массагетке кіріп, жазбаларын уақытым жеткенше оқып жүргеніме 2 жылдай уақыт болып қалды. Өзімді тұрақты оқырман ретінде санаймын. Ал болжамдар бәйгесі болады дегенде ғана тіркелдім. 

- Cізге сәттілік тілейміз! Өзге қатысушыларға тілегіңіз?

- Алдыңғы қатардан көрінуге  әлі де уақыт бар. Бұл басы ғана. Бәріне сәттілік тілеймін!

- Мен де сізге және БАРЛЫҚ қатысушыларға сәттілік тілеймін!