"Куда мир катится?!"

"Куда мир катится?!"
жеке
блог

 

Жасы 50ге келді. Өткенде ғана туылған күнін атап өткенбіз. Елуге келсе де, әлі де есерсоқ.  Өзін барынша мінсіз санайды. Тазамын деп ойлайды.Болмашы нәрселерден жеркенеді. Көзіңді бадырайтып қойып, "Я же сразу узнала" деп, бастықтың алдында лақтырып кетеді.  Тойымсыз,  ашкөз. Өзінікі тұрса да, біреудікін жұмсап, пайдаланғанды жаны сүйеді. Жеменқор. Салақ. Үнемдеу дегенді білмейді. Өзінің тағы (жетісіп) айтатыны бар, "Я же капризная" деп. Южанка. Тілі келмесе де, ойын жеткізе алмаса да, қара көз Қазағыма орысшалап, бірдеме-бірдеме дейді.(қазақша жарытып сөйлеп алсын). Бұйырады, жұмсайды. Көзінің алдын ғана ойлап, менменсиді. "Менің балам сияқтысын" деп, ақылгөйсіп , ақыл  айтады. Менің анам одан үш, төрт жас кіші болса да, салмақты.     

Сол адамға жынданып жүрмін. Шыдам бітуге аз қалды. Жарылыс болары анық. Неге адамдар осындай.Егер адамдардың бәрі,  мен сияқты болса, мына әлем гүлденер еді. Массагетке кірмегелі көп болды.  Осындай жарылыспен қайта келдім. Ешқандай жаңалық жоқ. Сезімдерім әлі де жауапсыз. Ол сияқты "мінсіз" адам кездеспеді әлі. Айналадағы жағымсыз эмоциялар, жүрегімді тоңдырды.