Әмиян-махаббат!

Әмиян-махаббат!
жеке
блог

Жұмыр жерде құжынаған тіршілік,

Күннің көзі көктен күлім қағады.

Айдалада өсіп тұрған бір шілік,

Жалғызбын деп желге мұңын шағады.


Сұр қорғасын сыңарынан айырған,

Еркін өскен кең даланың киігін.

Әлімсақтан жырлап кеткен шайырлар,

Әз махаббат – сезімдердің биігін.


Махаббатты бастан кешіп әманда,

Жаны барлар әуел бастан сезінген.

Кей бейбақтар бейбіт мына заманда,

Құндақтағы баласынан безінген.


Бар өмірін көк қағазға арнаған,

Ашкөздерден қандай үлгі аласың?

Әмиянға қамап қойған зар заман,

Баға жетпес махаббаттың бағасын.


Құлқынды ойлап қауызын да жармаған,

«Махаббаттан» қандай пайда табасың?!

 

(сурет ВК желісінен алынған)