"Өлең деген тумайды жәйшылықта..."
жеке
блог

"Өлең деген тумайды жәйшылықта..."

   Армысыздар! Көпке топырақ шашу ниетім жоқ, әрине... Сұрағым түсінікті болар... Бүгінгі ұрпақтың санасының саязданып, шалшық суға айналып бара жатқанын аңғарып жүрген жалғыз мен ғана емес болармын. Ауылдағы ақ самайлы әжеміз, ақ сақалды атамыз, ақ ниетті анамыз, асқар таудай әкеміз, даналардай данышпан ұстаздарымыз бала кезімізде әдебиет пен тарихты жетік меңгерген, көркем әдебиетті көп оқыған адамның ой-өрісі кең, ойлау қабілеті ауқымды болады деп тек мені ғана тәрбиелемеген шығар. Тұла-бойында қазақтың ыстық қаны айналып жатқан, қоғам қатарындағы ата-аналардың барлығы дерлік сол ақылды айтқан болуы керек. Бірақ, өскелең ұрпағымыз неге сонша санасыз, шыдамсыз, имансыз болып барады? Оған кімді кінәлаймыз? Заманға сын айту бұрыс болар. Ойлағандары ғаламтордың жеңілойлы дүниелері, көңіл көтеру, ақша. Неге олай боп кетті? Қазаққа тән қайсарлық, иман, ар-намыс, елге деген, отбасына, сүйгеніне деген махаббат, бұлардың бәрі қай жақтарға ғайып боп барат?... Ақын-жазушыларымыздың еңбектері Мұқағалы атамыз айтқандай, "том-том болып сөрелерде шаң басып тұр". Оларды оқығаннан, арзанқол дүниелер мен, арзан сөздерді оқыған, тыңдаған тиімдірек болған күн... Біз, осылай кете береміз бе? Бұл індеттің алдын алар амалдар, тосқауылдар мүлдем жоқ па?

   Әлде...