Массагет сайтындағы соңғы өзгерістер

Массагет сайтындағы соңғы өзгерістер
жеке
блог

Әлем чемпионаты "мерекесі" құтты болсын.

Бүгін әдеттегідей оқырмандардың алдында есеп беріп, алдағы жоспарларымызбен бөлісеміз.

Алдымен, Массагет сайтының бүкіл ұжымының атынан барлық оқырмандарымызға адалдықтары үшін алғысымызды білдіреміз.

Үстіміздегі аптада "аман-есен" ҰБТ тапсырып, үлкен өмірге жолдама алған түлектерді үлкен өмірге шығарып салдық. Енді бұл жастар еліміздің өркендеуіне үлесін бір кісідей қосар деген сенім білдіреміз. ҰБТ-дан ең жоғарғы балл жинап, қуанып жүргендер бар, өту балына жете алмай қамығып жүргендер де бар. Дегенмен олар да бір кісідей оқу орындарына түсе алады. Қалай болғанда да, ҰБТ-дан жоғары балл ала алмаған түлектер үшін өмірдің тетігін тауып қалануына ешқандай кедергі жоқ екендігін жетікізгіміз келеді. Бар өмір – алда. Көптеген әлемге әйгілі азаматтардың жетістікке жету кезінде университет бітірмегендігі белгілі ғой. 

ва

Бұл аптадағы ең жағымды жаңалықты біз айтпай-ақ байқап отырғаныңызға сенімдіміз. Сайтымызда футболдан Әлем Чемпионаты аясында "Болжамшылар сайысы" басталды. Осы сайысты ұйымдастырып басы-қасында жүрген Өмірбек Сансызбай мен Фараби Арыстанбек (Әкежан Дәкен) алдағы бір ай бойы сіздерге қызмет етіп, осы тұрғыда жұмыс істеуге бел шешіп кірісті. ӘЧ 2014 айдарынан Бәйге, Бәйгеге қатысушылар рейтингі, ӘЧ 2014 кездесулер кестесі, Жаңалықтар деген бөлімдер ашылды. Сәйкес бөлімнен керекті ақпаратты опретивті түрде алып отыратын боласыздар. Чемпионатқа қатысты барлық жаңалықтарды біздің сайттан оқып отыруды естеп шығармаңыздар.

Оқырман қыздар қауымының көңілінен шығу үшін қыздарымыз да еңбек етуде. Жігітпен айырылысқан соң әлеуметтік желіде жазуға болмайтын сөздерКәрі қыздың қателіктеріЖұмыртқадан жасалатын шаш маскаларыҮй жинағанда ұмытылатын 20 орын секілді нәрселер туралы бұрын ойланып көріп пе едіңіз?

Ал осы аптада сізге ұнаған ең қызықты мақала қайсы?

Болашақта сайт контент-менеджерлерінің қандай тақырыпта қалам тербегенін қалайсыз? Осы туралы айтылған пікірлеріңіздің біз үшін маңызы зор.


суреттер: s3.goodfon.ruwww.bankoboev.ru