Елді елеңдеткен хабарлар

Елді елеңдеткен хабарлар
жеке
блог

Twitter ӘЧ – 2014 ке арнап “хэш тулар” функциясын іске түсірді...

Бразилияда бастау алған әлем чемпионатына орай Twitter микроблогтар тармағы “хэш тулар” қосу мүмкіндігін жаратты.

  Пайдаланушылар өз елін білдіруші  үш әріпті сөз көмегінде (#BRA Бразилия үшін, #ESP Испания үшін, #FRA Франция үшін)  өз елінің туын хабарламаға енгізуіне болады. Бұл  функция футбол жанкүйерлеріне ұлттық құрамаларының нәтижелерінен хабардар болуына қолайлық жаратады.

  “Хэш тулар” 2010 жылы ОАРда өткен әлем чемпионаты уақытында да енгізілген еді. Бірақ, Twitter чемпионат аяқталысымен функция қызыметін тоқтатқан болатын. “Хэш тулар” функциясы қайта жұмыс бастағандығы туралы бірінші болып әнші Шакира жариялады.

  ӘЧ-2014 барысын #WorldCup және  #WorldCup2014 хэштегтері жәрдемінде күзетуге болады.  

Рио-де-Жанейродағы аэропорт қызыметкерлері ӘЧ басталуы қарсаңында жұмыстарын тастады...

Футбол бойынша әлем чемпионаты басталатын күні, жергілікті уақытпен 00:00 де Рио-де-Жанейродағы үш аэропорт қызыметкері жұмысын тоқтату туралы жариялады.

  Аэропортта техник қызыметкерлердің 20 пайызы істемейді. Бұл наразылық шеруі әлем чемпионатын тамашалауға келген шет елдік қонақтарға қызымет көрсетуде түрлі қолайсыздықтар туындатуы мүмкін. Бірақ, азаматтық авиациясы ұлттық агенттігі барша жағыдайды күзетіп тұрғандығын жәнеде әлем чемпионаты уақытында авиакомпаниялар өз жұмысын тоқтатпайтындығын мәлімдеді.

  ИТАР-ТАСС хабары бойынша, шерушілер еңбек жағыдайын жақсартуды, жалақыларын көтеруді және жалпы еңбек келісімшартын түзуді талап етуде.

  Сәл алдын, Сан-Паулу метро қызыметкерлері де наразылық шеруін ұйымдастырған еді. Бірақ олар өз еріктерімен шеруден бас тартқан еді.,.    

ӘЧ белдесулері өтетін қалада су тасқыны болды... 


Бразилия үкіметі Парана штатындағы 130 қалада су тасқыны себепті төтенше жағыдай жариялады.

  Тоқтаусыз жауған тропик жаңбырлар су тасқынының болуына себеп болған, деген хабар таратады Reuters агенттігі. 130 қала тізіміне Куритиба қаласыда енгізілген.  Бұл қалада болса ӘЧның 4 кездесуі өтуі белгіленген.   

  Sports.ru баспасының хабары бойынша, төтенше жағыдай нәтижесінде 10 кісі қаза тапқан, 3,5 мыңға жуық үйге зақым келген.

  Мамандар Куритибада 16 июнь куні өтуі керек болған Иран және Нигерия құрамаларының кездесу өткеруі сұрақ астында тұрғанын айтуға әлі ерте деуде...