Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Сүйген адам кешірімді...

Сүйген адам кешірімді...

Сүйген адам кешірімді...

2008 жылы француз актрисасы Марион Котийяр шет тіліндегі үздік фильм номинациясы бойынша «Алқызыл түсті өмір» фильмі үшін «Оскар» жүлдесіне ие болды. Ол онда атақты француз әншісі Эдит Пиафтың рөлін сомдаған болатын. Сол фильмді көрген соң мен Эдит Пиафтың шығармашылығына қызыға бастадым. Әншінің ерекше дауысы мен мағынаға толы әндері өзіне тәнті етпей қоймайды. Әлбетте, торғайдай кішкентай әйелдің тағдыры қиындыққа толы болған, бұл туралы ол өзінің автобиографиялық кітабында жазады.


Сол автобиографиялық кітабын жақында бір демде оқып шықтым. Шыны керек, әншінің шығармашылығынан басқа, тағдыры мен ұстанған өмір салтына еш жақтаса алмайсың. Көптеген іс-әрекеттері жазғыру мен жиеркеніш сезімін тудырғанымен, сол кішкентай өнерлі әйелді аясың, түсінуге тырысасың, кешіресің.

Эдит Пиаф 15 жасында далада ән айтқызып қоятын әкесінен қашып, ғашық болған жігіті Луиге қосылады. Өзі сияқты бейшара жігіт қызға зәулім үй мен алтынға көмбесе де, отбасылық өмірдің нышанын жасай бастайды. 17 жасында Марселла есімді қызды дүниеге әкелген Пиаф қызын асырау үшін тағы көшеге ән айтуға шығады. Осында Альберт есімді жігітті кездестіріп, ессіз ғашық болып, тағы қашады. Бұл жолы қызын әкесі бермей қойып, қыз 2 жасында күтім көрмей, менингиттен көз жұмады.


Альберт жезөкшелікке салып, күн көрсетпеймін деп қорқытып, оның әншіліктен түскен қаржысының 30 пайызын алып отырады. Эдит кейін ғана қандай адамның қолына тап болғанын ұғып, қараңғы өмір мен қарақшылардың арасынан құтылудың амалын іздейді.

Эдит өзін сұрықсыз, бақытсыз сезінгендіктен әрдайым сүйікті болуға ұмтылғанын айтады. Махаббатты сезінген сайын ол өзіне деген сенімділігін арттырды. Эдиттің 3 жігітпен бірдей жүрген кездері де болған. Соның біреуі кек алу үшін оны өмірінің соңына дейін аңдыған. Ал, оның көпшілікке танылып, үлкен сахнаға шығуына кабаре директоры Луи Лепле көмектеседі. Алайда оны біреулер өлтіріп кеткендіктен, барлық күдік Эдитке түседі. Оны бұл шытырманнан оған ғашық ақын Раймон Ассо құтқарады.


Раймон Ассо әншінің стилін қалыптастырып, үлкен сахнаға алып шығады. Эдиттің жеткен жетістіктерінің көбіне осы ақынның еңбегі зор. Ол оны кітап оқуға баулып, Эдиттің көрген қиыншылықтарын, үйренген әдеттерінің айықтыруға тырысады. Бірақ еркіндік пен махаббатқа құмар Эдит оны да тастап, әнші Поль Мерисстің құшағына енеді. Эдит Польды қатты сүйгенімен, оның байсалдылығына төзе алмайды. Оттай жанған әншінің болмысы сүйгенінің салқынқандылығымен мүлде үйлеспейтін еді. Нәтижесінде бұл жолы Поль өзі кетіп тынады.

Бірақ Эдиттің өмірінде үлкен роль ойнаған, оның басты махаббаты боксшы Марсель Сердан еді. Эдит Пиаф Марсельді өле-өлгенше сүйеді және екеуінің махаббатына Марсельдің отбасы да, Эдиттің айналасындағы жауластары, достары, өсек-аяң да, ештеңе кедергі болмайды. Осылайша екеуі өмірлерінің соңына дейін бақытты болып, бірге өмір сүрер ме еді, бірақ авиа апатта Марсель қайтыс болып, ертегі бітеді. Осыдан кейін Пиафтың өмірі құрдымға кетеді. Ол бірнеше рет анашадан, бірнеше рет алкогольдік тәуелділіктен емделеді. Осылайша 45 жасында 70-тегі кемпірге ұқсап қалады.


Өз кітабында Пиаф: «Мен өмірімде ешқашан жігітке зәру болған емеспін, олардың жақсысы да, жаманы да, сымбаттысы да, сұрықсызы да болды. Бірақ мені ұнатқандарды мен жақсы көрмедім, ал мен құмар болғандар мені сүймеді немесе басы бос болмады. Осылайша, әр романнан кейін мен жалғыз, жүрегі жаралы әйел болып қала бердім. Сол қайғымды әндерде жырладым. Мен бір еркектен бір еркекке көштім және әрқайсын кездестіргенде «Міне, осы менің өмірілік махаббатым» деп ойладым. Бірақ мақсатым орындалмай, әр кез көңілім қала беретін» - деп жазады.

Өмірлік махаббаты Марсель Серданнан кейін де Эдит Пиафтың өмірінде бірнеше жігіт болады. Өмірінің соңғы жылдары (47 жасында көз жұмады), ол 27 жастағы Тео Ламбоукасқа кезігеді. Тео әншіні құрметтеп, бір жағынан сүйіп, оған үйленуге ұсыныс жасайды. Әнші өзінің ауру екенін білсе де, өмір сүруге аз уақыты қалғанын сезсе де, жігіттің ұсынысын қабыл алады. Мұнда да ол махаббатқа, бақытқа жетемін деген үкілі үміті болған еді. Осылайша бір жылдан кейін сүйіктісінің қолында осы өмірмен қоштасады.

Өмірін махаббат пен күреске арнаған әншіні даттаушылар көп болатын шығар. Бірақ осы өмірдің өзі махаббатқа құралғанын ескерсек, оның сүйікті болуға, бақытты болуға деген құмарлығын жазғыруға дәтің де бармайды. Ол әнші болды, халықтың адамы еді, ерке, еркін және ол өзіне тек жақсы өмірді, бақытты өмірді қалады. Әнші махаббаты үшін, бақыты үшін күрессе де, ел-жұрт көзінде азғын әйелге ұқсап қалғаны өкінішті... Алайда...

"Жоқ, мен ештеңеге өкінбеймін,

Жақсыға да, жаманға да өкінбеймін.

Бәрі үшін жауап бергенмін, бәрін ұмытқанмын

Өткеннен есім адасты" - деп жырлаған әнші өз өмірі үшін өкінбейтінін жеткізеді. Ең бастысы сол емес пе?


13
Рейтинг: +2

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 11 маусым 2014, 19:55
Тегтер: Эдит Пиаф, Эдит Пиаф өмірбаян, махаббат, махаббат үшін күрес, өмірдегі махаббат, ғашықтық, әнші махаббаты

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.