"Әлем тарихында тұңғыш рет Аударыспақтан..."

"Әлем тарихында тұңғыш рет Аударыспақтан..."
жеке
блог

Астана қаласында 15 маусым күні әлем тарихында тұңғыш рет Аударыспақтан І-ші ашық Азия чемпионаты ұйымдастырылады. Осыған байланысты, 14-маусым күні Астана қаласы, Қазмедиа орталығында Азия чемпионатының баспасөз конференциясы мен палуандардың таныстырылымы өтеді. Байрақты бәсекеге 11 мемлекеттің құрыш қолды, тақымы тастай палуандары қатысуға ниет білдіріп отыр. Бұл жоба Қазақстан, Қытай, Ресей, Түркия, Венгрия, Ауғанстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Әзірбайжан, Моңғолияның сайдың тасындай іріктелген спортшылары арасынан Азия құрлығындағы аударыспақтан ең мықты палуанды анықтайды. Чемпионат 70 келіге дейін, 90 келіге дейін және 90 келіден жоғары салмақ дәрежелері бойынша өтеді. Жарыс соңында жүлде алған палуандар абсолютті чемпион атағын сарапқа салатын болады. 

Ұйымдастырушылар: ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығы мен ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

Бас демеуші: «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры

Чемпионаттың өтетін орны мен уақыты: Астана қаласы, «Қазанат» ипподромы (Әуежай жолы), 15-маусым, ашылу салтанаты сағат 11.00-де. Қазақтың құрыш қолды жігіттеріне жанкүйер болайық!

Дайындаған: Олжас Болатбекұлы