СЕЛФИ жайлы не білеміз?

СЕЛФИ жайлы не білеміз?
жеке
блог

Селфи (ағылш. Self – өзі, өзін), басқаша фотоавтопортрет – камера мен айнаның көмегі арқылы өзін өзі фотокамераға түсіру арқылы пайда болатын автопортреттің бір түрі. Бұл термин 2010 жылы мобильді құралдардың дамуының пайда болуына байланысты қалыптасты. Селфи түсіру барысында камера қол созым жерде тұратындықтан суретке тек адамның басы немесе басынан сәл жоғары не төмен жерлер ғана түсіріледі.

 Адамдар неге осылайша селфи түсіруге құмар? Ендеше селфидің атақты болуының 3 себебін қарастырайық:

1.Өзінің ерекше қырын таныту. 

 Сіздің суретіңізді көріп отырған адам сізге сол сурет арқылы баға беруі мүмкін. Бұл жағдайда фотосурет – сіздің өзіңіз, өзіңіздің қандай да бір қоғамдық топқа қатысыңыз, отбасылық жағдайыңыз, жұмысыңыз бен хоббиіңіз туралы хабарлаушы рөлінде.   

2.Тегін жарнама.

 Бұл жағдайда адам өзін жарнамалық баннер ретінде қарастырады. Фотосурет табыс пен сенімділіктің образын қалыптастырушы ретінде қолданылып тұр.

3.Шығармашылық шеберханасы.

 Бұл селфидің позитивті жағы деуге де болады. Бұл тәсілді шығармашылыққа жақын адамдар әрбір өткен күні туралы сюжеттерді хабарлауға пайдаланады. Оның оқырмандары немесе ғаламтордағы жазылушылары оның келесі әрекеттерінің де дәл осындай жолмен жариялануын күтіп отырады.

Ең экстремалды селфишілер.

ВВС астронавті және полковнигі Майк Хопкинс 2013 жылдың 24 желтоқсанында халықаралық ғарыш станциясын қалпына келтіруге көмек көрсету барысында әлемдегі ең сирек кездесетін селфи түсірді.

Авиакатастрофадан тірі қалған жолаушы үш ұйықтаса түске кірмейтін ең тарихи селфидің авторы. 

 

Кирилл Орешкин есімді жас фотограф биік ғимараттың төбесіндегі орасан зор жұлдызда тұрып селфи түсірген. 

 

Селфи түсіріп, Instagram-да лайк жинаймын деп жүріп, шынайы әңгімені, әзіліңіз жарасқан досыңызбен бірге уақыт өткізуді ұмытпаңыздар.