Олар ешқашан есеймейді!!!
жеке
блог

Олар ешқашан есеймейді!!!

Мақала кейіпкерлері әр біріміз үшін ұзақ жылдардан бері таныс және қадірлі. Олар түскен фильмдегі әрбір сәттер, әрбір қатар жаттанды болып кеткен болса да, фильм басталғанда алғаш рет қарап отырғандай экранға үңілеміз. Жылдар бойы осы фильмдерді тамашалап миллиондаған көрермендер ер жеткен болса да, олар барлық уақыт сол қалпында – жас және ақкөңіл кейпінде қалып кеткен...  

ҰРЫЛАРДЫҢ ДАУАСЫН БЕРГЕН КЕВИН

Маколей Карсон Калкин  1980 жыл 26 августте Нью-Йоркте актёр Кристофер Корнелиус Калкин және Патриция Брентрап жанұясында үшінші перзент болып дүниеге келді. Ол өмірге келген жанұя тұрмыстық жағынан өте нашар болып, олар католик шіркеуінің кішкене бір бөлмесінде жасауға мәжбүр болды...

Маколей католик әдет ғұрпына сай ер жетті. Төрт жасқа толғанда Нью-Йорк филармониясындағы «Bach Babies» спектаклінде орындаған алғашқы дебют ролі еді.

Көп өтпей, 1985 жылы «Жарым түнде» ( The Midnight Hour) фильмінде суретке түсті.  1990 жылы “Үйде жалғыз” фильмі экранға шыққаннан соң Маколей бүкіл әлемге танымал болды. Көп өтпей фильмнің екінші бөлімі суретке алынды. Міне осы фильмдегі Кевин Мак-Калистр ролі үшін ол “Алтын глобус”ты иеледі.

1998 жылы 21 июньде он жеті жастағы актёр Маколей актриса Рейчел Майнерге үйленеді. Жас, тәжрибесіз Маколей және оның жұбайы 2002 жылы ажырасады.

Бүгінге дейін елуден астам фильмде роль сомдаған Маколей бізге негізінен «Үйде жалғыз-1», “ Үйде жалғыз -2”, “Қалталы Рич” фильмдері арқылы жақсы таныс.

ЕСЕЙУДІ ҚАЛАМАҒАН ПАВЛИК

 

Фильмде өзінің зеректігімен, жасына қарамастан өте күшті қабілетімен тек қана теңдестерін емес сонымен бірге үлкендерді де таң қалдырған Павлик Орлов ересектер әлемінде бір мезгіл саяхатта болып, күтпегенде бақытты балалықтың қадіріне жете бастайды. “есейуді қаламаймын” дейді ол фильм соңында...

Міне осы тартымды балақай рольін  Кирилл Головко-Серский  ойнаған болып, ол 1975 жылы 21 июньде дүниеге келген. Кирилл Серский есейгеннен соң актерлік саласынан кетіп, құжжаттарын тарих факультетіне тапсырады. Біраз уақыт журналистика саласында жұмыс жасайды, соң ата анасының ұсынысымен Москва көркем академик театрында оқыйды. 1997 жылдан бастап Москваның “Шар сырты” театрында өз қызыметін бастап, қатар фильмдерде суратке түсе бастайды.

МЕКТЕПТЕН КЕТУГЕ МӘЖБҮР ЕТКЕН РОЛЬ

“Гарри Поттер” өз ғажайыптарымен тек қана балаларды ғана емес, жасы үлкендерді де эран алдына «шегелеп» қойғаны рас.

Фильмнің бас рольін сомдаған актер Дениел Редклиф 1989 жылы 23 июлде Лондонда туылған. Бес жасқа толғанында актерлікке болған қызығушылық оны алғаш рет мектепте сахландырылған маймылдар спектаклінде қатынасуында байқалады.

Танымал жазушы Жоан Роулдің шығармасы негізінде құралған, жас сиқыршы және оның достары өмірене хикая етуші “Гарри Поттер” серияссындағы фильмдер жас актерге бұрын сонды болмаған атақ абырой алып келді.

“Гарри Поттер” фильімінің суретке алу жұмыстары басталғанда Дениел мектептегі сабақтардан азат етілген. Дениел рок музыкасының жанкүйері. Қазірге дейін Дениел жиырмаға жуық фильмге түсіп үлгерген.

 БУРАТИНО БҮГІНДЕ ҚАЙДА?


Дмитрий Владимирович Иосифов 1965 жылы 22 октябрде Белоруссияның Минск қаласында инженер және биолог жанұясында туылған. Тоғыз жасында режиссёр ассистентінің назарына түскен Дмитрий “Белорусфильм” киностудиясының “Буратино” фильміде басты рольді сомдауға ұсыныс алады...

Бұл фильм балақайды күллі әлмге әйгілі еткен соң, оны екінші рет “Буратиноның ғажайыптары” фильмінде, басқа балақайдың орнына роль ойнауға шақырады. Дмитрий кезектегі фильмдегі ролінде керемет ойнап шығады. Алғашқы қадамын Минсктің театр студиясында бастаған актёр, кейінірек басқа киностудиялар суретке алған кинокартиналарда да суретке түсе бастайды және  режиссёрлік саласында да өз тәжрибесін асыра бастайды.

Дмитрий қазір де режиссёрлік саласында. Жанұялы, үш ұлдың әкесі.