Жоғалттым дей бер...

Жоғалттым дей бер...
жеке
блог

Жоғалттым дей бер...
Сорың да емес
Бақытың да емеспін.
Саған бола,
Үзілген қурап жапырақпен теңестім.
Саған бола, Жалғыздықта тыныштықпен кеңестім
Саған бола,
Махаббатым кейпіне енді елестің.
Кешірерсің...
Енді саған мүлде ғашық емеспін. 

Жоғалттым дей бер...
Оралмаймын!
Бола алмаймын бағың да.
Жалғыз отыр жүрегіңнің тағында.
Ойламағың!
Бұйырамын! Енді мүлде сағынба!
Менің бейнем
Өзің үшін айналды мәңгі сағымға! 

Жоғалттым дей бер...
Өкінесің!
Өкіндірем мен сені!
Өтіп кетем дәл қасыңнан тіктей ұстап еңсемді.
Саған бола,
Сан құладым... Бар өмірім теңселді...
Саған бола,
Мәңгі жаптым жүректегі "кеңсемді".

Жоғалттың мені!
Жырт парағын өткеніңнің тағы бір.
Менсіз өткен ертеңіңе
Кешегіңді сағындыр.
Алар асу-белесіңді
Жалғыздықта бағындыр!

Мені ойлама!

Мендегі ойдың жаны менен тәні бір...
Ізде тағы!
Менен артық таба алмайсың, бәрібір!