Мектептегі махаббат неге жалғасын таппайды?
жеке
блог

Мектептегі махаббат неге жалғасын таппайды?

Қазір мектеп түлектерінің дерлігі ҰБТ тапсырып, алдарына үлкен мақсат қойып, университет пен ересек өмірге алғашқы қадамдарын жасауда. Мектепке деген қимастықтары басым болғанымен, өмір ағымымен мектептің барлық қызықтары ұмытыла бастайды, тіпті алғашқы махаббат та...

Жақында қыздарға арналған форумдардың бірінде осы күні сыныптасына үйленетін, я тұрмысқа шығатындар сирек екені қозғалды. Осы отырғандарымыздың әке-шешелеріміз, не олардың қатарластарының көбі сыныптастарымен отау құрғанын естіген шығармыз, бірақ қазірде бұл өте сирек құбылыс. Бұрындары мектептегі махаббатының университет бітіргенін, әскерге барып келгенін күтуге дайын болған. Ал, қазір мектеппен қоштаса сала махаббатпен де қош айтысатындар көп.

Расында, неге алғашқы махаббатқа бой алдыратын мектептегі сезім жалғасын таппай жатады? Әлде жалпы сыныптасымен кездесетін, махаббат құратындардың саны азайды ма? Неге мектептегі сезім бүгінде байсалды қабылданбайды? Әлде бұл қате пікір ме, қалай ойлайсыздар?