ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ...

ҰЛТЫҢДЫ САҚТАЙМЫН ДЕСЕҢ – ҚЫЗЫҢДЫ ТӘРБИЕЛЕ...
жеке
блог

«Елі­міз­дің болашағының қандай болатыны балаларымыздың бойына өзіміз қан­дай тәрбие сіңіретінімізге тікелей байланысты. Ең алдымен біз қыздары­мыздың тәрбиесіне көп көңіл бөлуіміз керек. Олар – болашақ жар, болашақ ана, шаңырақтың шырақшысы». 

                                                                                                                    Нұрсұлтан Назарбаев

       Қазақ қыздары сұлулықтың, мейірімділіктің, тазалықтың символы. Қыздарын қонақтай күтіп, төрден орын беріп, еркін өсірген халықпыз. Ертеңгі ана, бүгінгі қыз баласының тәрбиесінде  ананың рөлі ерекше. Алақанына салып  аялап өсірген аяулы гүлінің әркімнің қолында кетіп, арам шөпке айналмасы үшін қызды қырық үйден тыйған. Имандылыққа баулыған.  Жастайынан жат жұрттық екенін ұғындырып, Қазақ қыздарына сеніммен арқа сүйеген. Қара қазан иесі, отбасы ұйытқысы ретінде ұзатыламын дегенше тәрбиелеген. «Қызға қырық үйден, қала берсе қара күңнен тыю» деген сөздің астарында бүтіндей бір елдің қызға берер тәрбиелік мәні жатыр. Қазақ қыздары ұлжандылығымен, өздеріне тән нәзіктігімен және рухани тазалығымен ерекшеленеді. Бұл біздің басқа ұлттардан даралап тұратын басты қасиетіміз. Тәжірибе жүзінде ғасырлар бойы жинақталған қыз тәрбиесіне байланысты тыйымдар: жасы үлкенге сәлем бермеуге, жолын кеспеу, жалғыз қалдыруға; үлкендер алдында жарыса сөйлеуге; талтайып отыруға; шалқайып жатуға; көп алдында ұятқа қалуға, ағайынға жеккөрінішті болуға; орынсыз іске ұрынға; өтірік өсек айтуға, оны айтушыларды тыңдауға; әурет жерлерді ашып жүруге; өзгелерге тіл және қол тигізуге; кісіге қарап керілуге, есінеуге; дастарқан үстінде отырып, әдепсіз сөйлеуге, орынсыз сөз айтуға; ұрлық-қарлық қылуға; жаназа оқылып жатқан жерден айналып кетуге, адамды жерлеуге бара жатқанда одан озып, жолын кесуге; бұраңдап, қылымсуға; қызыл іңірде жатып, түске дейін ұйықтауға; жалқаулыққа, ластыққа; кісі алдында қасынуға, киім ауыстыруға; аш болсаң да, тоқ болсаң да Құдайыңды ұмытуға; бей әдеп сөз айтуға; үйге, мешітке, қасиетті орындарға оң аяқпен кірмеуге, үлкендердің  атын атауға; ішімдік-шегімдікке;  ұрыс-керіске; беттен алып, төске шабуға;ер адамның киімін кеюге; біреудің байлығына, дүние-мүлкіне, ақшасына сұқтануға; түнде суға жалғыз баруға; жат жыныстылармен араласып жатуға; құран, намаз оқылып жатқанда сөйлеуге, қозғалуға, тұрып кетуге; тарс-тұрс жүріс, қарқ-қарқ күлкіге; ерді қорлауға, зорлауға; адамды және жан-жануарларды тебуге; бүйірін, жағын таянуға;  тәкаппарлыққа, сайқы-мазаққа; кісі алдынан тамақ жеуге; шектен тыс жасанып, сылануға; қызғаншақтыққа, күншілдікке; менмендік пен өзімшілдікке; алдап-арбауға; көрсеқызарлыққа, нәпсіқұмарлыққа; тойымсыздыққа тыйым салады. Бұны біз қызды қызды қырық үйден тыю деп атаймыз.

    Дегенмен, қазіргі қоғамда қызды бұлай қорғай алмайсың. Адам да, заман да өзгерді.  Отбасына қарағанда теледидар, ғаламтор, кафе-барлар мен би кештері қыздарымызды тәрбиелеуде. Таңнын атысынан кештің батысына дейін күнкөріс қамымен жұмысбасты болған әке-шешеде тәлім-тәрбиеге уақыт тым аз. Яғни, сәби өз еркімен дамиды. Әрине бұлай дамудың жағымсыз жақтары басым, әрі қоғамға кесірін тигізеді.   «Ұлтыңды сақтаймын десең – қызыңды тәрбиеле, рухыңды сақтаймын десең – ұлыңды тәрбиеле», дейді, қазақ. Кез-келген зиянды дүниенің пайдалы жағын да қарастыруға болады. Мүмкін, «Қызды қырық үйден тыю» деген секілді пәнді сабақ кестесіне қосармыз. Өшіп бара жатқан мұрамызды неге қайта жаңғыртпасқа. Себебі, осындай тәрбиелік мектеп біздің елде ғана бар. Неге телеарналарға ұлттық шоу ретінде қоспасқа, жастарды тартатындай, қызықты қылып...  Ал, үйдегі аналарымыз, әкелеріміздің атын атамай, сөзіне қарсы келмей, айтқан сөзін орындаса, осыны көріп өскен қыз әкесін Алатаудай көріп, ер азаматтардың деңгейінің қаншалықты биік екенін ұғынар еді. Ертеңгі күні күйеуін құдайындай сыйлайды. Сыйластықтың арқасында отбасы сақталып, қыз тәрбиелеген ата-ана абыройлы болар еді.