Білімсіз ақыл-мешеу /ЖД #5/

Жасыл дәптер "қазынасы" бітпеді әлі де...

*Уақыт оны пайдалана білетіндерге, еңбек ете білетіндерге, ой толғай білетіндерге, уақыттың өрісін кеңейте білетіндерге жетіп-ақ жатыр.

Вольтер

*Өз көзіңмен көруге ең қиыны не нәрсе? Қарсы алдыңда жатқан нәрсе.

Гете

*Еңбек жоқ жерде шынайы ұлы нәрсе де жоқ.

Гете

*Шынайы шәкірт белгілі арқылы белгісізді дамытуды үйренеді, сөйтіп ұстазына жедеқабыл жақындай түседі.

Гете

*Білімсіз ақыл – мешеу.

Карамзин.

*Қолымыз жеткен табыс құйттай болса да – олжа.

Пьер Кюри

*Нені білетінімізді білетініміздің өзі, нені білмейтінімізді білетініміздің өзі – шынайы білім.

Конфуций

*Планета дегеніміз-ақыл-парасаттың бесігі, бірақ та мәңгі-бақи бесікте тірлік етуге болмайды ғой.

Циалковский

*Егер немістердің атом бомбасын жасау қолынан келмесін білсем, онда мен ол пәленің маңайынан да жүрмес ем.

Эйнштейн

Н.ғ.: ...ненің дұрыс, не бұрыс екенін сол істі істеп болғаннан кейін ғана біліп жататындығымыз кейде өкінішті-ақ...



Бөлісу: