Бал тамған тілдер мен тәп-тәтті түрлер
жеке
блог

Бал тамған тілдер мен тәп-тәтті түрлер

Бала десе бірден көңіл-күй көтеріліп, мына  дүниенің  бар  қиындығын  ұмытқандай күйде  боламыз. Себебі,  олар  үнемі көңілді  жүреді. Оларда  «қалай күн көремін?»  деген беймаза  ой  жоқ. «Не ойнаймын?» , «Кіммен ойнаймын?»  деген сұрақтар ғана  қаперінде  тұрады. Ренжіскен адаммен лезде  тіл табысып,  әрі қарай  шат-шадыман  ортасына қуаныш сыйлап  жүреді. Осындайда «балалы үй базар» деген  сөздің рас екеніне күмән келтіре алмайсың.   Біздің шаңырақ та «базарға» жатады екен. Мамам 6 құрсақ көтерген, тең болдық : 3 қыз, 3 ұл.  Алдыңғы  3-еуі есейіп, ер жетіп,  бой жетіп қалғандықтан олар  балаға жатпайды  деп ойлаймын.


Ал назарларыңызға «Жүнісбековтар базарының»  бүлдіршіндерін  ұсынамын.

 

                                            

Асылхан  11 жаста. Мектепте белсенді әрі үздік  оқушылар қатарында.  Қазір  оқушылар сарайында  домбыра,  хор үйірмелеріне қытысып  жүр. Аздап ән айтатыны бар. Өзінің ойынша ортасының «мачосы».

Үйдің бесінші баласы-Еділ. Астанадағы №70 бала бақшасының дайындық  тобын бітіріп, бұйырса, күзде  1-сыныпқа барғалы  жатыр.  Өзі сондай бұзық, бақшадан үйге  алып кетуге барған сайын  тәрбиешісінен  сөз естіп қайтамыз.   Осы күнге дейін  үйдің ең кішкентайы  болғаннан соң ба, тым ерке болып өскен. «Тобымда Нұрдәулеттен басқасының бәрінен  қорықпаймын, ол тәрбиешінің баласы» дейді.

25-сәуір. Блогиаданың ол аптадағы тапсырмасы- еркін тақырыпта фоторепортаж жасау. Кинологқа барамыз деп, қаланың сыртына шықтық та, ол жақта мүлдем  байланыс (сеть)  болмай қалды. Қалаға кірісімен телефоныма «Сен енді үйдің ерке қызы емессің. Қыз.»  деген хабарлама түсті. Оқыдым, аса мән берген жоқпын. Кейін папам звондап сүйінші  сұрап жатыр. Сөйтсем мамам  қыз  босаныпты. Қалжыңдап, «Азиадада туылғандарды-  Азиада, Саммит кезіндегілерді  - Саммит деп ат қойды. Біз  «Блогиада»  деп қояайық та»  дегенімде үйдегілер  әбден күлген еді. Есімін әжемнің аманаты бойынша Балзия деп қойдық.  Осылай шаңырағымызға  шаттық орнап, қатарымыз тағы бір жанға көбейді. Foot in mouth

Екінші інім, Еділ бақшадан келгеннен соң  достарын ертіп келіп, кеш батқанша ойнайды. Бала тілі бал дейді ғой,  сөйлеген әрбір сөздері қызық.  Базарлық бітті, енді «тәттілерге»  кезекті береміз Kiss

 Ойнап  жүрген балаларға  төмендегі сұрақтарды қойған едім,  жауаптары ерекше болды.

  • Президент деген кім?
  • Түнде кімнің алдына жатасың?
  • Шет елде өрмекші адам бар. Қазақстанда неге жоқ?
  • Кімнен қорқасың?
  • Нені (кімді) жек  көресің?
  • Ақшаң көп  болса не істейсің?
  • Ауыл жақсы ма, қала ма?
  • Қызың бар ма?
  • Ақ  болып туылдың ба, қара болып па?

Қасиет, 6 жаста

  • Біздің президент  жақсы. Ол   біз сұраған нәрселерді береді.
  • Тәтемнің алдына  жатамын. Өйткені мамам да папам да түне жұмысқа кетеді.
  • Қазақстанда да бар. Бірақ олар тек ақшасы көп адамдармен ғана жүреді.
  • Ағамнан  қорқамын.
  • Альфируз, Арсен, Мұхтар, Асылбек.  Бұлар мені  мазақтай береді.
  • Бай  боламын. Бірінші  үй сатып аламын. Машина, дәу  телевизор, компьютер, айпад, мультипад аламын.
  • Қала жақсы. Күн ыстық болмайды.
  • Иа, бар.  Мемен  б ірге оқитын Сабина деген қыз. Ұлдар қыздарды түрінен, жақсы оқығанынан жақсы  көреді. Бірақ мен оған жақсы көретінімді айтқан жоқпын. Білетін сыныптастарым Сабинаның көзігше мазақтай бреді. Мен  ұяламын.
  • Ақ болып туылғанмын. Күн ыстық болмағанда кепкасыз жүрдім.

 

Алдони (Алдияр), 8 жаста:

  • Президент – ақын.
  • Әжемнің. Маманың қасына жатсам  әжемнің қасына әкеп  қоя береді.
  • Адам  өрмекші болмайды ғой.
  • Мынадан. (Асылханды нұсқап.) Ол ылғи шала береді.
  • Доп сатып аламын.
  • Бұрында қызым  болған. Қазір жоқ.
  • Мен негізі ақ болып туылғанмын ғой, сосын кішкентай кезімде шомыла алмайтын  болғам. Сондықтан қарайып кеткенмін.

 

Әділет, 5 жаста:

  • Президент – білімді, жақсы. «Алтын күн аспанын» айтатын әнші.
  • Бір  өзім жата  берем. Аға болдым ғой.
  • Қазақстанда тек телевизорда болады.
  • Мамамнан.
  • Мен бәрін  жақсы көремін.
  • Енді мектептке  барамын ғой, соған  қалам, сумка, ноутбук аламын.
  • Ауыл жақсы. Ол жақта атам мен әжем бар. Ауылда бәрі әдемі болады.
  • Мектепке барғанда бар болады.
  • Біздің үйде бәрі мен сияқты-қара.

 

Мен балаларды қатты  жақсы көремін, әсіресе,  бұзықтарын. Мына  боталар да бұзық.  Ботақандарым сол, тіл көзім тасқа, бәрі де үлкен ел қорғайтын  үлкен азамат болып  өссін!Kiss