Көзілдірік таққан Қарапайым қызбын

Көзілдірік таққан Қарапайым қызбын
жеке
блог

Мен төменгі сыныптан бері көзілдірік тағып келемін.Я баста үйренісу өте қиын болды.Өзім көзілдірікке үйрене алмай жүрсем бір жағынан айналамдағылар төрт көз деп мысқылдай күледі.Осындай сөздідерін естігенім де өмірден түңілердей боламын.Дегенмен АЛЛАма мың да бір шүкір деймін.Жүректері сайраған бірақ тілдері жоқ,көздері жарық көрмеген жандардың өмірге деген құлшынысын көріп тәубеме келемін.Қазір бәріне үйрендім достарымда үйренді дегенмен кішкентай бүлдіршіндеріміз тателерін ренжетіп алады кей кезде.Frown оларға қалай өкпелей аламын.Жай ғана күліп қоямын.Бірақ жүрек шіркін қысылады дем ала алмастай болып тынысым тарылады.Бір ақын ағамыз бір өлеңін былай оқыды.Аяғы сау жандар  өзінше машинаға мінсем машинамен барып қайтсам деп айтады,ал аяғымен жер басуды армандап жүргендер қаншама олар аяғы сау болса жаяу жүруге де риза болар еді.Жанары жарықты көргендер шет елге барсам деп қиялдайды,ал жанары жарық көрмейтіндер ҚАЗАҚСТАНЫМНЫҢ БӘЙТЕРЕГІН көруді армандап жүр.Менің жырымды тыңдаған жандар Аллама шүкіршілік етіңдер дегенде.Я Аллама шүкір мен туған елімді жерімді көре алдым деп шүкіршілігімді айттым.Расында да ой қозғайтын өлең,тамаша ақын екен.