Сол бір жанға арналады тағы да...

Сол бір жанға арналады тағы да...
жеке
блог

Сенбе, жаным, арам пиғыл сол жанға!

Алдап кетер, білесің ғой, сен оны!

Неге тағы құлай кеттің құшаққа

Сайқалсыған жоқ қой сезім тұрағы!

 

Күле қарап бақыттымын дейсің бе?

Ақымағым не білесің ол жәйлі?

Бақыт деген бос сөз емес, ойланшы!

Жаным менің, жалған бізде тек бәрі!

 

«Махаббатқа мастанудың несі бар?»

Тағы міне ақымақ ой бастадың.

Махаббат қой алдап өтер сәт қағым

Сені жұтып, кейін жоқ қып тастайтын!

 

Міне, тағы мазақ етіп күлесің.

Тағы, тағы ақымақпен жүресің.

Жаным, қойдым, үндемеймін ендігі

саған сайқал махаббат қой керегі!