Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Қар неге сондай қатыгез, ізіңді сенің қалдырған...

Қар неге сондай қатыгез, ізіңді сенің қалдырған...

Қар неге сондай қатыгез, ізіңді сенің қалдырған...

Мен жалпы ресейлік шоу-бизнестің ересек буынын қатты жақсы көремін. Бұл махаббат қай кезде туындағанын білмеймін, бәлкім сол махаббат жайлы мағыналы да, мәнді әндерін сүйіп тыңдаудан басталған шығар. «Рождественские встречи», «Две звезды», «Один в один» сынды жобалардың шынайы жанкүйерімін. Мұнда орыс, орысша ән деген әңгіме айтылмай-ақ қойса екен. Мен ол тілді түсінемін және әдемі әуен, мағыналы мәтіні үшін жақсы көремін. Дәл сол сияқты кейбір қазақ әншілері мен әндерді сүйіп тыңдаймын.

Сонымен, Алматыға Филипп Киркоров келеді деген сәтте жүрегім селт ете қалды. Бұл кісіге деген махаббатым «Снег» әнінен басталды, бірақ бұған дейін де «Вива», «Полетели», «А я и не знал» әндерін тыңдап жүрсем де аса мән бермеген болармын. Бірақ «Снег» әні сондай жүрегіме жақын, оны плейлистімнен он мың рет тыңдап тастаған шығармын.


Осы әндердің бәрін өзінің орындауында тыңдай алатын едім ғой деген ой көкейімде тұрып алды. Не істесем екен? Осылайша, жолдасыма ұсыныс тастадым, келесі айдағы туған күнімен сыйлықты осы айда бере алмайсың ба деп, ол әрине, менің сөзімді екі етпей, қалауымды орындады.

Филипп Киркоровтың концертіне бармас бұрын мен әдемі шоу, таза дыбыс, жанды дауысты естуге дайын болдым. Өйткені ресейлік әртістердің жеке концерттері арнайы шоу-бағдарлама бойынша өтеді. Оның қазіргі қойып жүрген шоу-концерті «ДруGOY» деп аталады. Өзі айтып өткендей, 25 жыл шығармашылық жолында біз оны әртүрлі кейіптерде көрдік, өміріне күә болдық және әрі қарай да оның өмірі көз алдымызда өрби бермек, тек бұл жолы екі баланың әкесі ретінде...

Жалпы шоу экранда көрсетілетін үзік-үзік бейнелерден құралған. Бірінші бейне ақсақалдың кішкентай балаға ғажайып шар ұсынумен басталады. Пайым бойынша, бұл оның әншілік борышы. Кейін бала ер жетіп (яғни Филиппке айналып), өзінің борышынан бас тартпақ болады, оны әншілік өнер мезі қылғанын айтып, соңында шарды тіпті сындыра салады. Әр көрініс сайын сахна экрандарда бейнеленген суреттер арқылы түрленіп, көрсетілген бейнелердің сюжетіне байланысты әндер де, билер де, әншінің киімдері де өзгеріп отырады. Соңында ол қайта сол баламен кездесіп, ғажайып шарды қайта қолына алады. Бұл да бір бала арманыңнан, өмірлік борышыңнан ешқайда кете алмайсың дегеннің белгісі болса керек.


Ресейлік әншілер 3D шоуды жақсы меңгерген ұқсайды. Бұл оның бір жерден кіріп, ойда-жоқта екінші жерден шығуын көрсететін сәттерде байқалады. Сонымен қатар, Филипп өмір жолында оған қолдау білдіріп, өзі қатты сыйлаған Людмила Гурченконы көзі тірісінде бағаламай, ризашылығын айта алмағандығына өкінетінін жасырмады. Және жақын адамдарымызға деген ілтипатымызды дер кезінде айтып, кешірімді болуға үгіттеді. 3D эффект арқылы сахнада оның ән айтып тұрған елесін келтіріп, онымен бірге дуэт орындағандай болды.

Сахнада орын алатын көріністердің бәрі ойластырылған, әншінің әр қимылы бекер емес, қай жерден кіріп, қай жерден шығатыны, келтірілетін декорациялардың орнымен қолданылуы, еш қатесіз орындалып жатты.


Жалпы, Филипп Киркоров сөзге шешен адамдардың бірі ме деп қалдым. Егер оның твиттер, инстаграмм парақшаларын ақтаратын болсаңыз, ойларын өте әдемі, әрі ұғынықты етіп жеткізеді. Әрдайым жүректен шығатын сөздерді арнауға тырысады. Бұл жолы да қазақтарға тән сөздерді айтып, қазақтардың оның өмірінде қаншалықты маңызды екенін, оның шығармашылық жолына жол салып берген елдердің бірі екенін жасырмады.


Осылайша Филипп барлық әндерін орындап, сахнада мини-спектакльдер ұйымдастырып, ал хит әндерін тіпті екі қайтара орындап, халықтың көңілінен шықты. Сонымен қатар, Алла Пугачеваның «3 счастливых дня», «Без тебя любимый мой» (әрине, өзгертілген нұсқасында «Без тебя любимая земля мала как остров» деп орындайды) әндерін нақышына келтіріп орындап, мені екі есе бақытты етіп тастады. Алла, Болатбек айтпақшы - менің Богиням. Мына сөйлем екі мағынада да қолданса болады екен ;)


Пы.Сы. Өкінішке орай, суретке түсіруге фотоаппартым тұрмақ, сол күні смартфонымның да қуаты сөніп қалыпты. Суреттер Филипптің жеке сайтынан алынды.

Пы.Пы.Сы. Ресейлік шоуларды қазақстандық әншілердің шоуымен салыстыра алмаймыз, әрине. Өйткені ол жақта табыс көзі бірнеше есеге көп, дегенмен ұмтылатын тұстары жетерлік деп ойлаймын. Қазақстандық әншінің тойдан түскен ақшасының бір пайызын осындай шоудың бір элементіне қосқанының өзі көрерменді сыйлауы деп білемін. Рақмет!)

64
Рейтинг: +1

Автор: Anara Mustafina
Жазылған уақыты: 27 мамыр 2014, 19:32
Тегтер: Филипп Киркоров, Қазақстан, Қазақстандағы концерт, Концерт в Алмате Филиппа Киркорова

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.