Алғысым шексіз!

Алғысым шексіз!
жеке
блог

Массагет мен саған ризамын! Сенің көмегіңмен көп ақпарат алдым, алудамын, әлі де ала беремін. Қысқаша айтқанда IQ-мді жоғарылаттым, оның бәрі сенің арқаң. Мен ертең қазақ тілінен мемлекеттік емтихан жазамын, емтихан эссе жазу болмақ. Соған дайындалып отырсам да ризашылығымды білдіруге бекіндім. Біздің басты мақсатымыз эссе жазудағы мәселеге шешім шығаруды үйрену.Ал жазған эсседе бағалатыны ұсыныс пен қайнар көздер. Қайнар көз ретінде сайттар, газет-журналдар саналады. Ақпарат іздеу барысында Массагетке көп рет кірдім. Өздеріңіз білетіндеріңіздей мен Назарбаев Зияткерлік мектебінде оқимын. Қазір Массагет біздің мектепте ең атақты сайтқа айналды. Менің вкдан шықпайтын сыныптастарым маған сіздер туралы "жаңалық" ашып жүр, ал негізі мен бұл сайтта отыратыныма 2 жылдың жүзі болды. Менің жалпылай алғанда сіздерге алғысым шексіз. Көп рахмет менің қасымда ешкім болмаса да біреулер болса да болғандарыңыз үшін!

P.S. орфографиялық қателеріме кешірім сұраймын.