«Аялаған Астана»-ның қатысушылары армандарына бір қадам жақындай түсті!

«Аялаған Астана»-ның қатысушылары армандарына бір қадам жақындай түсті!
жеке
блог

Сарапшылар балаларға арналған ұлттық музыкалық «Аялаған Астана» телевизиялық байқауының республикалық іріктеуінің финалистерінің есімдерін анықтады.

Осы жылғы іріктеу кезеңдеріне Қазақстанның 16 қаласынан дарынды балалар қатысты. Олар: Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Қостанай, Орал, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Семей, Көкшетау, Петропавл, Астана қалаларының өнерпаздары. Бүлдіршіндер әділқазылар алқасына өздерінің туған өлкелерін таныстырып, өнер көрсетуге бел буды. Іріктеуге 8-12 жас аралығындағы барлығы 1000-ға жуық бала қатысты.

Өте қиын іріктеу кезеңінен кейін жартылай финалға ең дарындылар ғана өтті. Олардың қатарында:  Луиза Нұркуатова (Ақтау қ.); Замира Сағадиева (Зеренді с.); Дания Ишанқұлова (Орал қ.); Мұхамедали Жүгінісов (Астана қ.); Ділназ Төлеген (Қызылорда қ.); Диас Омар (Қызылорда қ.); Анастасия Першикова (Павлодар қ.); Жахан Қабыкен (Астана қ.); Малика Самағұлова (Павлодар қ.); Ділнұр Біржанова (Қарағанды қ.); Ғалимұрат Әбдіманапов (Астана қ.); Жанайкерім Өтегенова (Қостанай қ.); Алдияр Орекен (Екібастұз қ.); Ясмин Мажитова (Алматы қ.); Сағынған Қуанған (Астана қ,); Әділет Мейрамбеков (Астана қ.).