Адам болу

Адам болу
жеке
блог

Адам - Аллаһ Тағаланың құлы. Ол әлемде ең ақылды, миы бәрінен жүйелі тірі ағза. Адамдарға көп қасиет тән. Әр адам бүкіл қасиетке ие бола алмайды.Бірақ соның ішіндегі ең керек қасиет - адамгершілік. Адамгершілік ол адам болу деген сөз. Ал осы қасиеті жоқ адам - адам емес болып есептелуі керек. Сондықтан, ең бірінші адамгершілік болуы тиіс. Адамгершілік өте қарапайым нәрселерден тұрады, ол біріншіден амандасу, түсіну, қамқор болу, ұятты болу, барлығын орта деңгейде ұстау қабілетіне ие болу қасиеттері. Адам болу деген осы қасиеттерге ие болу. Әр адам өзіне жауап беріп, өзінің айналасын бақылауы керек. Адам болу деген ақшаға бай болу емес, адам болу деген ақылды болу.