Ақпараттық технология әлеміне 1 қадам

Жалғастырайын! 

Негізінде жоғарыда IT әлеміне бір қадам деп едім ғой, ол қадамды осы Массагет сайты көп бұрын бастап кеткен екен. Бір атап айтар нәрсе, сайт материалдары осы саладағы жаңалықтарды дер кезінде және барынша мазмұнды етіп бере білген. Оған қоса бұл сайтта жарияланған кеңестер, шолулар және басқа материалдар да сапалы әзірленіпті. 

Мен математика және информатика пәні мұғалімі болып көп жыл сабақ бердім. Сізге тіркелгенде амалсыз жастау болып тіркелдім, өйткені 1942 жыл Сізде жоқ болып шықты.

Осы ұстаздық жылдарымда (анау 1965-2007) қабілетті шәкірттерімді өз бетінше білімін жетілдіруіне көмек бола ма деп, математика мен информатика пәндері бойынша орыс басылымдарын назарға ала отырып, түрлі әдістемелік көмекші құралдар мен кітапшалар дайындадым және оларды іс жүзінде қолданып отырдым.  Олар кейін кітапшалар мен жинақтар болып баспадан да шықты. Кейінірек информатикадан да осындай жұмыстарға баса көңіл бөлдім.

2007-11 жылдары (зейнетте жүріп) программалаушылықпен айналыстым (алып бара жатқан болмасам да). Жұмыстың соңғы жылдарында мектеп сайтын ашып, оны да біраз жерге апаруға тырыстым.

Жалпы өз білгенімді, жинақтаған іс-тәжірибемді осы салада істеп жатқан әріптестеріммен, әсіресе қазақ жеткіншектерімен бөліскім келіп тұрады. Сәл болса да осы бағытта біздің ұлтымыздың ұл-қыздары IT әлемінің пұшпағынан ұстауға жараса, сол салада өнертабыстар ашуға жол салса деген аталық тілек ойдан шықпайды. Сіздер де МАЗМҰНДЫ материалдарыңызбен атсалысып жатырсыздар, еңбектеріңіз жана берсін!  

Қазір де қарап жатқаным жоқ, 3-4 айдан бері мен де тағы бір сайт аштым. Оның атауы: www.IT-mbeks.ru  

Сайт "Ақпараттық технология әлеміне" арналып, онда осы саладағы ең соңғы жаңалықтар, апталық шолулар және информатика пәні бойынша әдістемелік материалдар, IT әлемінің алпауыттары жайлы әзірленген менің кітабымнан алынған мақалалар жинағы, программалау тілдері және веб-сайт жасауға байланысты бейнесабақтар және басқа да қызықты деректерді таба аласыз. Қарасаңыз, өкінбейсіз!

Сайт оқырмандарын осы сайтты көріп, қажеттеріңізді алып және ол туралы ой-пікірлеріңізді білдіруге шақырамын.



Бөлісу: