Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Ұлы Гетсби

Ұлы Гетсби

Ұлы Гетсби

                                                                                              …вы один стоите их всех, вместе взятых.
                                                                                         Фрэнсис Скотт Фицжеральд. "Ұлы Гэтсби"

1999 жылы француздық Le Monde газеті шығарған XX ғасырдың 100 үздік кітабының тізімінде 46шы орынға жайғасқан Фицжеральдтың «Гэтсбиі» күллі Жер шарындағы оқырман қауымның ішінде үлкен «резоннанс» тудырған бірден-бір белді һәм атышулы шығарма болды.

Бастауын өткен ғасырдың 20шы жылдарынан алатын «Джаз дәуірінің» бұл «жемісі» — белгілі бір түсінікте жаңашылдық әкеліп, тар құтының ішіндегі айқайы мен шуы тыйылмайтын «публикалық» өмірге негіз салған сыңайлы. Бәлкім, сол, беті әлем-жәлемге оранған әшекейлі, мың қатпарлы жұмбағы бар, сұлулығымен сананы арбайтын сиқырлы дәуреннің көрінісі шығар, кім білсін?!

Қалталы ақсүйектер қауымы мен қаптаған бай-манаптың тұрақты мекені болған Лонг-Айлендтің «алтын жағалауында» өрбіген оқиға желісі ескіліктің тамырын шапқан ессіз өмір көріністеріне ұласып, одан әрмен ерекше жалғасын табады. Көпшілік күтпеген тосын шешімдерге ие болатыны да оқырманды өзіне тым жақын тарта түсетіні анық. Сонымен қатар, шығармадан Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі экономикасы биржадағыдай секундтар, минуттар сайын өсіп, өркендеген алпауыт АҚШтың сол тұстағы бейнесін байқай аламыз… Жазушы контрабандалық құйтырқы істермен айналысқан арам пиғылды саудагерлердің(бутлегер), ұжымдасқан қылмыстық топтардың төрге шыққан кезеңін, яғни "Құрғақ заңның" келуін айқын көрсете білген. Бай-бақуаттыларға және олардың биік тұлғалық қасиеттеріне тамсанумен қатар, 20шы жылдардағы Америкадағы шексіз материализм мен моральдың жоқтығына Фицжеральдтың көңілі құлазиды.

Бродвейде бірнеше рет сахналанып, кейін аз уақыт өткен соң Голливудтта экранизацияланған "Ұлы Гэтсби"автордың көзі тірісінде аты алты құрлық асарлық атаққа ие бола алмаған. Небәрі 24 мыңдай данасы ғана сатылған бұл туынды "Ұлы Депрессия" дәуірі мен «Екінші Дүниежүзілік соғыс» тұсында мүлде еленбей, көпшілік көзінен таса қалған.

39 жылдық үзілістен соң, яғни 2013 жылдың жаз айында "Ұлы Гэтсбидің" екінші кино-нұсқасы жарыққа шығады. Осы жазбаны бастауыма арқау болған — сол атақты Баз Лурманның туындысы еді. Жоғарыда келтірілген аз-мұз дерек — оқырманның жадында жүруі тиіс басты мәліметтер ғана. Біліп жүргенге артық етпейді деп шештім. 
Кинотеатрлардан аптаның әр күні беріліп жататын экшн, боевик жанрларындағы фильмдерді көре-көре мезі болған жұртшылықтың бұл фильмнен соң рухани-эстетикалық ләззат алып қайтқандарында күмәнім жоқ. Мінсіз декорация, әдемі әрі әсерлі фейерверктер мен фонтандар, визуалды эффектілер — осының барлығы көрерменге 3Dформатында жол тартқанда, сол мазасыз түндерде ойран-асыр тойланып жататын сауық кештерге ойланбастан-ақ кіріп кеткің келеді. Әлемдік кино-прокатта төңкеріс жасаған Титаниктан кейін де талай фильмдерде басты рөлдерде көрініп қалып жүрген талантты актер -Леонардо Ди Каприо осы жолы да өз кәсібінің шын шебері екенін тағы бір дәлеледеп тастады. Өйткені ол Кэри Маллиган, Тоби Магуайр сынды белгілі актерлармен қатар «Гэтсбидің» төрінен сол "Ұлының" кейпінде бір жылт етті. Леоны көріп, сыншылар қауымын қайдам, өзіміздің қатты қуанғанымыз рас.

Оқиға алыстағы бір санаторияда маскүнемдіктен емделіп жатқан, Иель университетінің түлегі Ник Кэррауэйдің сол жерде жұмыс істейтін дәрігермен болатын екеуара сұхбатынан басталады. Ал жалпы алғанда, түгел картинаның көрінісі Никтың автордың атынан баян етуімен жүріп тұрғанын байқаймыз. Әрине, фильмнің барлық бөлігінде де басты бейне — Гэтсби, ал Ник жәй ғана оның көлеңкесінде, тасасында жүргендей көрінгенмен, аса қатты еленбейтін, маңызды рөлдердің бірін сомдап шыққанына шүбә келтірмеймін.Ник Джэйдан қандай алыс болса, соншалық жақын еді. Ник — сенімді серік, Ник — көмекші жане бастысы — оның жалғыз досы болды.

Баз Лурманның осы кезге дейін түсірілген «Ромео мен Джульетта», «Мулен Руж», «Австралия» сияқты фильмдеріндегідей сұлулық пен шынайылыққа шын тамсандым. Ұзаақ уақыт қарап отырып, кей мезеттерде сол жылдардың өміріне еніп, сол ауамен тыныстап, сол сұмдық кезеңнін бір мүшесі, бір бейнесі болғым да келіп кеткенін жасырмаймын. «Никтың орнында мен болсам ғой» деген де қиялдарға беріліп отырдым. Бәлкім, Гэтсбиді сол әділетсіз өлімнен, қалтадағы қара бақырға ғана қадалып жүрген қадірі жоқ достардан, қасиетсіз әйел мен қаптаған қандықол қасқырлардың тобырынан аман қалдырар ма едім?! Иә!!! Өйткені Гэтсби мен үшін — үлгі болған тұлға(қай жағынан алып қарасаңыз да). Ұлы тұлға!!!

Жалпы алғанда, бұл туындыға біржақты көзқараспен қарауға болмайтыны анық. Біреулер кейбір жақсы һәм үлгілі адами қасиеттерді насихаттады, кей маңызды және түсініксіз нәрселерге келгенде жастардың көзін ашты десе, келесілері «сырты — бүтін, іші — түтін», жалған түстерге боялған жыртық әлемнің жасанды көріністері жаңа талап жас буынды орынсыз істерге апарып, оғаш әрекеттерге жетелеп, кеуделеріне жаңа дәуірдегі «санасыздық синдромын» ұялатты деп есептейді… Расымен, атақты «Джаз дәуіріндегі» АҚШ-тағы өмір — күллі адамзат баласының «азғындану процесінің» басы болды: ессіздікке апаратын есірткі келді, ақылсыздыққа жол сілтейтін арақ шықты, күні-түні қызылды-жасылды жарықтарымен жан арбаған казино-клубтар, ашық-шашық ойын-сауық орындары көбейді, қыздар — матаға, еркектер — адамдыққа жарымай қалды… 

Фильмнің соңына дейін «Гэтсби деген шын мәнінде кім өзі? Ұлы болатындай не тындырған?» деген ойдың жетегінде боласыз. Ол мен үшін басталар кезде терезеден қарап, бет-бейнесін жасырып тұрған күйінде жұмбақ болып қала берді. Өзін Құдайдың ұлы деп есептеп, тақыр кедей әке-шешесін мойындамай, заңсыз саудамен айналысып, жалған атақ-дәрежелер жамылып алып, күллі Нью-Йорк элитасына сауық-кеш ұйымдастырып, газеттің алғашқы бетінен түспейтін, бір алтынбасты әйел үшін сонша байлық жиған Гэтсбиде нендей ұлылық бар?! Әлде оның махаббатқа адал, риясыз, кіршіксіз таза өткен күндерді қайтаруға тырысқан әрекеті ме? Не болмаса, осы қыздың ернінен сүйсем, өмір бойы сонымен қол ұстасып өтемін деген серті ме? Махаббатқа адалдық адамды қалған күнәларынан ақтап ала ала ма? Ойланып көріңіздер!!!
Байғұс Дэйзиді де кінәлайтындардың табылары бес енеден белгілі. Әйел атаулы қашан да еркек біткенді ұлы істерге жетелеген десек, оны бар кінәсі мен күнәсінен ақтап аламыз ба?! Қайткен күнде де, Дэйзи — Гэтсбиді жасады!!!Жоқтан — барды, үміттен — арманды, мақсаттан — істі!!!

Фильмде бастан аяқ сұқтанып қараған көзді көрсетеді де қояды. Онысын «Эти глаза смотрят на всё сверху, словно глаза Бога» деп тәпсірлейді. Ішім-жемді, қызықты, қыдырысты, арзан күлкіні, уақытша рахатты армандайтын жеңілтек элитаға қаратып айтып отыр. Қазіргі Алматы маған сол — бұрынғы ессіз, бірақ әсем Нью-Йоркты елестетеді кейде. Бәлкім, бізге белгісіз бір Гэтсби де бар шығар(есімі анық басқа)… Сіз олай ойламайсыз ба?!

14
Рейтинг: +1

Жазылған уақыты: 21 мамыр 2014, 23:20
Тегтер: Ұлы Гэтсби, Фицжеральд, резоннанс, джаз, Ди Каприо, Дэйзи, Махаббат

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.