Бақандай 10 жыл!!!
жеке
блог

Бақандай 10 жыл!!!

Ех, шіркін, уақыт не деген жүйрік десеңші?! Күні кеше сыныптас қыздардың шашынан тартып, кітап-дәптерімізді сөмкемізге артып, көшенің шаңын шығара мектепке кетіп бара жататынбыз. Ол кезде мектепті тез бітіріп, үлкен өмірге қадам басуға барынша асық қарлығаштар едік. Биыл алтын ұя мектебімізден түлеп ұшқанымызға бақандай он жыл болыпты (9 сыныптан кейін кеткеннен соң мен үшін он екі жыл). Әрине, он жыл аз уақыт емес. Оқыдық-тоқыдық, біріміз - үйлі-баранды болдық, біріміз – үлкен жетістіктерге қол жеткіздік. Өмірдің ыстығы мен суығына төзуге үйрендік. Қателескен сәттеріміз де аз болмады. Дүниенің бұрыш – бұрышына сапар шегіп, ел көрдік, жер көрдік. Түрлі адамдармен таныс болдық, кейбірімен тағдырлас болдық. Алдымызда әлі алынбаған асулар мен орындалмаған мақсаттарымыз бар. Аллаһ Тағала күш – қуат берсе ол үшін әлі тырбанып, тыраштанып еңбек етеріміз хақ. Бірақ пендеміз ғой... бұрын үлкеюге асықсақ, енді керісінше...

      Бір білгенім, қай жерде қандай жағдайда да мектептегі оқушылық өмірің ең қызық, ең қымбат, қайталанбас, тәтті кезең болып қалады екен. Сол шақтарды еске алатын күндер де алыс емес. Көріскенше, достар!