Foundation бағдарламасы: ХБУ студенттерінің көзімен
жеке
блог

Foundation бағдарламасы: ХБУ студенттерінің көзімен

1Foundation бағдарламасы еліміздің білім беру саласындағы бағдарламалардың көшбасшысы екеніне ешкімнің шүбәсі жоқ. 3 жылдың көлемінде Халықаралық диплом, Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсыру міндетті емес – міне бағдарламаның ұтымды бағыттарының бірі осы. ХБУ студенттерінің көпшілігі Foundation таңдауын жасап, бізбен оқу үдерісі туралы бөлісті.

1-ші курс студенті Тамерлан Еңсебек, мамандығы - саясаттану       

1) Foundation бағдарламасының маңыздылығы неде? 

- Foundation бағдарламасының артықшылықтары мен ұтымды тұстары көп. Біз поляк университеті міндеттеген сабақтарды оқимыз. Мысалы, біз UIB бакалавриатына оқытылатын сабақтардан бөлек дәрістерді алып жатырмыз. Біздің сабақтар басқа жүйемен, яғни Еуропаның білім беру жүйесімен жабдықталған. Мысалы, менде мынадай сабақтар бар: саяси география, Еуропа бірлігінің негізі, ХХ ғасыр тарихы, саяси зерттеулердің методологиясы. Біз оқитын сабақтардың барлығы дерлік қазақстандық жүйемен сәйкес келмейді. Бізде барлығы Еуропа стандарты бойынша жасалған. Біздің барлық ұстаздарымыз арнайы шақырумен келгендер. Олардың көп бөлігі шетелде оқып келген немесе шетелден келген мамандар. Мен Foundation бағдарламасын таңдағаныма өте ризамын. Ол барлық оқуға түсушілерге жарқын болашақты сыйлайды. Бұл 3 жылдық білім, Халықаралық диплом және сапалы білім алу.

1

2) Сіз неге өзіңіз оқып жатқан мамандықты таңдадыңыз?

- Мен Саясаттану мамандығын кездейсоқ таңдаған жоқпын. Мен бала кезімнен халыққа қызмет етемін деп өзіме мақсат қойып қойғанмын. Мен болашақта Қазақстанның дамуына өз үлесін қосатын саясаткер болғым келеді және Республикамыздың әрбір азаматының әл-ауқатын жақсартуға тырысатын боламын. Өздеріңізге белгілі, саясаткер – саясатты білетін сарапшы ғалым бола білу керек. Foundation бағдарламасының артықшылығы өте көп! Сол себепті мен сапалы еуропалық білім мен Халықаралық деңгейдегі диплом аламын.

3) Бағдарлама аяқталғаннан кейін өзіңізді қай бағытта көресіз? 

- Мен өз болашағыма сенімдімін, себебі Халықаралық Бизнес Университеті кез-келген мамандық бойынша даму мен кәсіптік көтерілуді қамтамасыз етеді. Мен өз болашағыма алаңдамаймын. Болашақта бакалавр дәрежесін алғаннан кейін Бизнес жоғары мектебінде қалып, магистратураны жалғастырамын. Ал оқуды бітіргеннен кейін қоғамдық жұмыстармен айналысатын боламын. Менің мамандығым көп салалы және елімізде сұранысқа ие. Мен бітірген соң, саяси ғылымдар бойынша нағыз сарапшы ғалым болатындығымнан, бірден жұмысқа орналаса аламын. Мен өз болашағымның жарқын және қызықты болатынына сенемін.

1-ші курс студенті Әсел Қалбаева, мамандығы - менеджмент

1) Foundation бағдарламасының маңыздылығы неде? 

- Оқуға түсу кезіндегі жан-жақтылығы - Foundation бағдарламасының артықшылығы болады! Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсыру міндетті емес, оған қоса Еуропада оқып, екі бірдей дипломды алуға мүмкіндігің болады.

2

2) Неге менеджмент мамандығын таңдадыңыз? 

- Менеджмент мамандығын экономика, маркетинг, статистика және анализ секілді ғылымдардың басын біріктіретіндіктен таңдадым. Білікті менеджер жоғарыда айтылғандардың барлығын меңгерген болуға тиіс. Менің ойымша, бұл нағыз маған тиесілі мамандық. Қазір менеджерлер көп болса да, мен олармен бәсекелесе алатыныма сенімдімін.

3) Бағдарлама аяқталғаннан кейін өзіңізді қай бағытта көресіз?

- Мен өзімді қызыл дипломмен тәмамдаған білікті маман ретінде көремін. Өзім туған Алматыда қалуды жоспарлап отырмын, себебі алдағы он жыл көлемінде жасайтын маңызды жұмыстарым бар. Ал қалған жоспарымды кейін атым әйгілі болған кезде жаңалықтар легінен көре аласыздар.