Ұйқы

Ұйқы
жеке
блог

Тағы да таң. Тағы да сағат 8 ге таяп қалғанша, тағы да жолдасым төсектен лақтырып жібермегенше тұрмаймын ғой, шіркін.

Оның осы қылығына әр таңда ашуланып, мұрнымның астынан мыңқ-мыңқ етіп, ісіп кеткен көзіммен бір атып киіне бастаймын. Түнде ғана оған: Мені таңертең оятып жібер, жарай ма... жарай ма дим... тұруым керек, оянбасам төсектен лақтырып жібер- деп айтқаным есіме түспейді сол мезетте.

Содан күнделікті автобусқа отырамын да, құлаққа құлаққабымды іліп алып, тікеден тік  тұрып ұйықтап барам. Ұйқыны сүйем. Ол мені сүймесе де. Ехх жауапсыз махаббат. Бұрын студент  кезімде соңғы алдамаға дейін ұйықтап барып,  тіпті автобус соңғы нүктеге тоқтағанда да 10-15 минуттай ұйықтайды екенмін. Олар да қызық көріп оятпайтыны ашуыма тигені бар.

Ұйқыны сүйем. Үйленген соң ұйқы тіпті менен алыстады. Оңтүстіктің келіндерін білесіздер ғой, ерте тұрып  қыбыр-қыбыр ететіндерін. Қиындық көрдім ұйқыдан дәл сол уақыттарда. Төркініме барғанда шай ішіп әңгіме құрмаймын, бірден ұйқыға жататын едім. Алда мәңгі үйқы барын ойласам да, ұйқыны сүйем!!!