Перизат
жеке
блог

Перизат

Иіскелеймін, қолыма ұстап, сенің мақпал шашыңды,
Етегіңді самал жұлқып,ақ балтырың ашылды.
Көзім тұнып кеткені ме,аймалап сені бастадым,
Қымсынғандай,ару ай да,бетін бұлтпен жасырды.

 

Перизатты тапқаным ба, пенделердің ішінен!?
Тағдырыма рахмет айтып,күбірлеймін ішімнен.
Арман ару,асылзатым, құшағымнан шықпашы,
Тым болмаса кете көрме, менің осы түсімнен!