«Түркі Жазуы» Халықаралық форумы

«Түркі Жазуы» Халықаралық форумы
жеке
блог

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында 19 мамыр күні сағат 09.00-де «Түркі Жазуы» атты халықаралық форум басталады. Түркі академиясының ұйымдастыруымен Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті және «ТИКА» халықаралық ұйымының қолдауымен өтетін екі күндік ғылыми жиынға Түркия, Әзірбайжан, Қырғызстан, Ресей және өзге де түркітілдес елдерден көрнекті ғалымдар мен қоғам қайраткерлері, депутаттар мен дипломаттар келеді деп жоспарлануда. Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Республикасы Парламентінің шешімімен 18-ші мамыр «Түркі жазуы күні» деп жарияланып, Үкімет шешімімен бекітілді. 

 

Дайындаған: Олжас Болатбекұлы