БҰЙРЫҚ

БҰЙРЫҚ
жеке
блог

БҰЙРЫҚ

«...Қаламымда тағдырымның кермегі»

Маралтай

Тамшы таму, бұл-Жаңбырдың күресі,

Жаншып алу,бұл-Тағдырдың күресі.

Тәңірінің оң қолына айналған,

Тағдыр дейміз..

Тағдыр деген кім осы?!

 

Сұрақтар мың...

таулар менен тастарда.

Сұрап қалғын менен қазір,

Жасқанба!

деді бір үн, көкке ұмсындым,

Сол сәтте-

Тәңір күліп қарап тұрды аспанда.

 

Тәңір күліп, ал Тағдырым ашулы,

(боп тұрған соң көрсетпедім жасымды).

 

Маған Тағдыр тыйма деді жасыңды,

Маған Тәңір көтер деді басыңды.

Маған Тағдыр ұрттатқызды жасынды,

Маған Тәңір тарту етті асылды.

 

Мен қастерлеп өтем мәңгі сыйымды,

Естігенде өзіңіз таң қаларсыз:

Тәңір маған ӨЛЕҢ ЖАЗ деп бұйырды!

Тағдыр сосын бас изеді амалсыз...

Әлия ІҢКӘРБЕК